User Manual

Қaзақша | 63
Bosch Power Tools 1 609 92A 2SV | (14.3.16)
Алмалы-салмалы аспапты орнату/алмастыру
(A мен B суреттерін қараңыз)
Керек болса орнатылған алмалы-салмалы аспапты
шешіңіз.
Электр құралын алу үшін алты қырлы дөңгелек кілтпен 9
бұранданы босатып 8 құралды ағытыңыз.
Керекті электр құралды (мысалы, қол ара дискісін 7)
аспап патронына 6 ойығы төменге көрсететін етіп
орнатыңыз (графикалық беттегі суретті қараңыз, алмалы-
салмалы аспаптың жазуларын жоғарыдан көруге болады).
Электр құралды әр жұмыс үшін қолайлы күйге бұрап аспап
патронының дөнестеріде 6 тіретіңіз. Онда аралығы 30°
болатын 12 күй болуы мүмкін.
Оңай орнату үшін орнатылған магнит алмалы-салмалы
аспапты керекті күйде үстайды.
Алмалы-салмалы аспапты 8 бұрандамасымен бекітіңіз.
Бұрандаманы алты қырлы дөңбек кілтпен 9 алмалы-
салмалы аспапта жатқаныша тартыңыз.
Алмалы-салмалы аспаптың бекем тұрғанына көз
жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекілген алмалы-
салмалы аспаптар пайдалану кезінде сізге қауіп
төндіруі мүмкін.
Тереңдікті шектеу тірегін орнату және реттеу
Шектегіш планканы 12 сегменттік ара дискілерінде
пайдалану мүмкін.
Керек болса орнатылған алмалы-салмалы аспапты
шешіңіз.
Тереңдікті шектеу тірегін 12 тірелгенше және жазылған
жағымен аспап патроны 6 жоғарысынан электр
құралының редуктор басына жылжытыңыз.
Тереңдікті шектеу тірегі келесі төмендегі кесу
тереңдіктеріне арналған :
Сегменттік ара полотноларымен ACZ 85.. диаметрі
85 мм: кесу тереңдігі 8 мм, 10 мм, 12 мм және 14 мм
(тереңдікті шектеу тірегінде бас әріппен және
жақшасыз жазылған деректер).
Сегменттік ара полотноларымен ACZ 100 .. диаметрі
100 мм: кесу тереңдігі 14 мм, 16 мм, 18 мм және
20 мм (тереңдікті шектеу тірегінде бас әріппен және
жақшасыз жазылған деректер).
Сайкес сегменттік ара полотносын керекті кесу
тереңдігіне реттеңіз. Тереңдікті шектеу тірегін 12 аспап
патронынан 6 алмалы-салмалы аспап бағытында жай
бұралғанынша жылжытыңыз. Тереңдікті шектеу тірегін 12
керекті кесу тереңдігі ара полотносының аралайтын бөлігі
үстінде тұрғанынша бұраңыз. Тереңдікті шектеу тірегі 12
қайта электр құралының редуктор басына тірелгенше
жылжытыңыз.
Басқа барлық кесу тереңдіктері және басқа алмалы-
салмалы аспаптармен жұмыс істеу үшін тереңдікті шектеу
тірегін 12 алып қойыңыз. Ол үшін алмалы-салмалы
аспаптарды алып қойып тереңдікті шектеу тірегін
редуктор басынан тартыңыз.
Қосымша тұтқаны орнату (опциялық керек-жарақтар)
Дірілдеуді басатын қосымша тұтқа оңай және сенімді
істеуге мүмкіндік береді.
Қосымша тұтқаны редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқа зақымдалған болса электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаны өзгертпеңіз.
Тегістеу дискін тегістеу пластинасында орнату/
алмастыру
Тегістеу пластинасы 10 жабысқақ матамен жабдықталған
болып тегістеу дискін жылдам және оңай бекітеді.
Берік ұстауды қамтамасыз ету үшін жапсырма матасын
тегістеу пластинасында 10
тегістеу дискін 11 орнатудан
алдын қағып шығыңыз.
Тегістеу дискін 11 тегістеу пластинасының 10 бір шетіне
қойып сосын тегістеу дискін тегістеу пластинасына
орнатып қатты басыңыз.
Оптималды шаңсоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу
дискіндегі ойықтардың тегістеу пластинасының
ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Тегістеу дискін 11 шешу үшін оны ұшынан ұстап тегістеу
пластинасынан 10 шығарыңыз.
Bosch ұсынатын жабдықтар ассортименті арасынан Delta
93 мм сериялы барлық тегістеу дискілерін, тегістеу және
тазалау, ажарлағыштарын пайдалануыңызға болады.
Тоқылмаған/жылтырату киізі сияқты тегістеу жабдықтары
да осы әдіспен тегістеу пластинасына бекітіледі.
Тегістеу дискін таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:
HCS әмбебап жік
кескіш
Температуралық жік,
Терезе жіктерін
сылайтын зат,
Бәсеңдеткіш заттектер
(минералды мақта)
Жұмсақ материалдарды кесу мен ажырату;
Мысал: силиконды температуралық жіктер немесе
терезе жіктерін сылайтын зат
Жұмыс құралы Материал Пайдалану
OBJ_BUCH-2742-004.book Page 63 Monday, March 14, 2016 10:15 AM