User Manual
58 | Қaзақша
1 609 92A 2SW | (3.6.16) Bosch Power Tools
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қал-
мауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдал-
маған болуына, электр құралының зақымдалмаға-
нына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар
құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайда-
ланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орын-
дайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құрал-
дарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Көп функциялы құралдарды пайдалану
қауіпсіздік нұсқаулықтары
Алмалы-салмалы құралдар жасырылған тоқ сымына
немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін болған жұмыс-
тарды орындаған кезде құралды айырылған тұтқа-
сынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал
бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі мүмкін.
Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін
пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол
электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Өрт қаупі бар! Ажарланатын материалды немесе
ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз.
Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын тазар-
тыңыз, босатыңыз. Шаң қабындағы, микросүзгідегі,
қағазқабындағы ажарлау шаңы (немесе сүзгі қабында
немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі) металлды ажарлауда
болатын ұшқындар жануы, өрт тудыруы мүмкін. Ажар-
лау шаңы лак, полиуретан қалдықтары немесе химия-
лық заттектермен араласуы, ажарлау материалының
ұзақ өңделуінен қызуы аса жоғары қауіп тудырады.
Қолыңызды аралау өрісінен тыс ұстаңыз.
Дайындама астынан ұстамаңыз. Ара полотносына
тию жарақаттану қауіпін тудырады.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию мате-
риалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Алмалы-салмалы аспаптарды алмастыру кезінде
қорғау қолғабын киіңіз. Алмалы-салмалы аспаптар
ұзақ уақыт жұмыс істегеннен қызады.
Ылғалды материалдарды (мысалы тұсқағаз) және
ылғалды жерде қырмаңыз. Электр құралының ішіне
су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін артады.
Өңделетін бетті құрамында еріткіш бар сұйықтық-
тармен сүртпеңіз. Қыру кезіндегі материалдар қызып
кетуі себебінен улы булар пайда болуы мүмкін.
Қырғыш және пышақпен жұмыс істеу кезінде сақ
болыңыз. Аспаптар өте өткір болып жарақаттану
қауіпін тудырады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпе-
лерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға апаруы
мүмкін.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы ағаш заттектер, пластмасса, гипс, түсті
металды және бекіту элементтерін (мысалы, шеге,
қапсырма) аралау және ажыратуға арналған. Жұмсақ
қабырға плиткаларын өңдеу және кіші аймақтарды құрғақ
ажарлау мен қыруға да арналған. Әсіресе қыруға жақын
және біріктіру жайындағы жұмыстарға арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Аспаптың құлпын ашатын AutoClic тұтқышы
2 Қосқыш/өшіргіш
3 Тербелу көлемін таңдау дөңгелегі
4 Желдеткіш саңылауы
5 Қосымша тұтқа бұрандасы
6 Аспап пантроны
7 Қысқа ара полотносы*
8 Тегістеу пластинасы*
9 Тегістеу дискі*
10 Тереңдік шектегіші*
11 Сегменттік аралау полотносы*
12 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
13 Сорғыш шланг*
14 Аспирациялық келте құбыр
15 Шаңсорғыш*
16 Шаңсору үшін тартқыш қысқыш
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
OBJ_BUCH-2755-003.book Page 58 Friday, June 3, 2016 10:57 AM