User Manual

62 | Қaзақша
1 609 92A 2SR | (3.6.16) Bosch Power Tools
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайда-
ланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орын-
дайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құрал-
дарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Көп функциялы құралдарды пайдалану
қауіпсіздік нұсқаулықтары
Алмалы-салмалы құралдар жасырылған тоқ сымына
немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін болған
жұмыстарды орындаған кезде құралды айырылған
тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию металлды құ-
рал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі мүмкін.
Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін пайда-
ланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр
тоғының соғу қаупін арттырады.
Өрт қаупі бар! Ажарланатын материалды немесе
ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз.
Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын
тазартыңыз, босатыңыз. Шаң қабындағы,
микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы
(немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі)
металлды ажарлауда болатын ұшқындар жануы, өрт
тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан
қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы,
ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса
жоғары қауіп тудырады.
Қолыңызды аралау өрісінен тыс ұстаңыз. Дайын-
дама астынан ұстамаңыз. Ара полотносына тию
жарақаттану қауіпін тудырады.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию мате-
риалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Алмалы-салмалы аспаптарды алмастыру кезінде
қорғау қолғабын киіңіз. Алмалы-салмалы аспаптар
ұзақ уақыт жұмыс істегеннен қызады.
Ылғалды материалдарды (мысалы тұсқағаз) және
ылғалды жерде қырмаңыз. Электр құралының ішіне
су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін артады.
Өңделетін бетті құрамында еріткіш бар сұйықтық-
тармен сүртпеңіз. Қыру кезіндегі материалдар қызып
кетуі себебінен улы булар пайда болуы мүмкін.
Қырғыш және пышақпен жұмыс істеу кезінде сақ
болыңыз. Аспаптар өте өткір болып жарақаттану
қауіпін тудырады.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпе-
лерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға апаруы
мүмкін.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы ағаш заттектер, пластмасса, гипс, түсті
металды және бекіту элементтерін (мысалы, шеге,
қапсырма) аралау және ажыратуға арналған. Жұмсақ
қабырға плиткаларын өңдеу және кіші аймақтарды құрғақ
ажарлау мен қыруға да арналған. Әсіресе қыруға жақын
және біріктіру жайындағы жұмыстарға арналған.
Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Аспаптың құлпын ашатын AutoClic тұтқышы
2 Қосқыш/өшіргіш
3 Желдеткіш саңылауы
4 Тербелу көлемін таңдау дөңгелегі
5 Қосымша тұтқа бұрандасы
6 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
7 Аспап пантроны
8 180° жарық таспа
9 Қысқа ара полотносы*
10 Тегістеу пластинасы*
11 Тегістеу дискі*
12 Тереңдік шектегіші*
13 Сегменттік аралау полотносы*
14 Тұтқа (беті оқшауландырылған)*
15 Сорғыш шланг*
16 Аспирациялық келте құбыр
17 Шаңсорғыш*
18 Шаңсору үшін тартқыш қысқыш
OBJ_BUCH-2701-003.book Page 62 Friday, June 3, 2016 9:51 AM