Quick Setup Guide
Table Of Contents
- ADS-1200/ADS-1700W
- Жылдам орнату нұсқаулығы
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
- Осы нұсқаулықта пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескерту
- Құрылғы үшін қауіпсіз орынды таңдау
- Жалпы сақтық шаралары
- Құрылғыны қауіпсіз қосу
- Құрылғыға қызмет көрсету
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік
- Сауда белгілері
- Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілері
- Brother тұтынушыларды қолдау қызметі
- Сканерлеу жабдығын заңсыз қолдану
- Техникалық сипаттамалары
3
Осы нұсқаулықта
пайдаланылған таңбалар
мен шартты белгілер
Осы нұсқаулықта төмендегі таңбалар мен шартты
белгілер пайдаланылады:
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ белгісі, алдын алмаған жағдайда,
өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті
жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ белгісі, алдын алмаған жағдайда, жеңіл
немесе орташа жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті
жағдайды білдіреді.
МАҢЫЗДЫ
МАҢЫЗДЫ белгісі, алдын алмаған жағдайда, өнімге
зақым келтіруі немесе өнімнің жұмыс қабілетін
жоғалтуы мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
ЕСКЕРТПЕ орын алуы мүмкін жағдайға әрекет ету
жолын айтады немесе басқа сканерлеу мүмкіндіктері
туралы кеңестер береді.
Тыйым салу белгішелері орындалмауға тиісті
әрекеттерді көрсетеді.
Бұл белгіше жанғыш спрейлерді қолдануға
болмайтынын көрсетеді.
Бұл белгіше алкоголь немесе басқа
сұйықтықтар сияқты органикалық ерітінділерді
қолдануға болмайтынын білдіреді.
Электр қауіп белгішелері ток соғу қаупін
ескертеді.
Өрт шығу қаупі белгішелері өрт шығу
ықтималдығын ескертеді.
Ажырату белгішелері аппаратты ажырату
қажеттігін көрсетеді.
Тек ADS-1700W
Courier New
Courier New қарпімен
терілген мәтін аппараттың
СК дисплейіндегі
хабарларды білдіреді.
Аппаратта және айнымалы ток адаптерінде
(бұдан әрі қарай жалпылай «құрылғы» деп
аталады) белгіленген барлық ескертулер мен
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Осы нұсқаулықтағы суреттер ADS-1700W үлгісін
көрсетеді.
Жинақтау және жариялау
туралы ескерту
Бұл нұсқаулық жариялау кезінде ең соңғы өнім
қауіпсіздігінің мәліметтерін қамтамасыз ету үшін
жинақталған және жарияланған. Бұл нұсқаулықта
қамтылған мәліметтер ескертусіз өзгертілуі
мүмкін.
Ең соңғы нұсқаулықты
support.brother.com/manuals веб-сайтымыздан
алыңыз
Құрылғы үшін қауіпсіз
орынды таңдау
Құрылғыны үстел сияқты шайқалмайтын және
дірілдемейтін тегіс, тұрақты бетке қойыңыз.
Температурасы 5 °C және 35 °C аралығында,
ал ылғалдылығы 20%-80% (конденсациясыз)
аралығында болатын құрғақ, жақсы желдетілетін
орынды таңдаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны тікелей күн сәулесіне, қатты
ыстыққа, ашық жалынға, тоттандыратын газға,
ылғалға немесе шаңға тастауға БОЛМАЙДЫ.
Шаң қылуы мүмкін болғандықтан, құрылғыны
кілемнің үстіне ҚОЙМАҢЫЗ. Ток соғу немесе
өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ,
ол құрылғыны зақымдауы және/немесе оны
бұзуы мүмкін.
Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы