Quick Setup Guide
Table Of Contents
- ADS-1200/ADS-1700W
- Жылдам орнату нұсқаулығы
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
- Осы нұсқаулықта пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескерту
- Құрылғы үшін қауіпсіз орынды таңдау
- Жалпы сақтық шаралары
- Құрылғыны қауіпсіз қосу
- Құрылғыға қызмет көрсету
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік
- Сауда белгілері
- Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілері
- Brother тұтынушыларды қолдау қызметі
- Сканерлеу жабдығын заңсыз қолдану
- Техникалық сипаттамалары
Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
4
Құрылғыны радиаторлардың, ысытқыштардың,
кондиционерлердің, судың, химиялық
заттардың немесе магнитті қамтуы
немесе магнит өрістерін туғызуы мүмкін
құрылғылардың жанына ҚОЙМАҢЫЗ. Олай
істеу қысқа тұйықталу қаупін немесе өрт шығу
қаупін тудыруы, не болмаса су құрылғы ішіне
кіріп кетуі мүмкін (қысқа тұйықталу немесе
өрт қаупін туғызу үшін жеткілікті болуы мүмкін
ысытқышты, кондиционердің және/немесе
желдеткіш жабдығын есепке алатын болсақ).
Құрылғыны химиялық заттарға немесе
химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге қоюға
БОЛМАЙДЫ. Атап айтқанда, органикалық
ерітінділер немесе сұйықтықтар корпусты
және/немесе кабельдерді ерітіп, өрт шығу
немесе ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ олар құрылғыны бұзуы немесе
оның түсін кетіруі мүмкін.
Құрылғының артқы немесе алдыңғы
жағындағы, корпусындағы саңылаулар
мен тесіктер желдету үшін берілген. Осы
саңылаулардың бітелмеуі немесе жабылмауы
үшін өнімді қабырғаға немесе басқа құрылғыға
тимейтін етіп орналастыру қажет. Өнімнің
желдеткішін жабу қызып кету және/немесе өрт
шығу қаупін тудыруы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ
• Әрқашан құрылғыны керуетке, диванға,
кілемге немесе осыған ұқсас бетке емес,
қатты бетке орналастырыңыз.
• Құрылғыны «құрастырылған» орнатылымға
ҚОЙМАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ
Құрылғыны адам көп жүретін жерге қоймаңыз.
Егер оны адам көп жүретін жерге қою керек
болса, құрылғыны ол кенет құлап кетпейтіндей
қауіпсіз орынға қойыңыз, себебі ол сізді
немесе басқаларды жарақаттауы және
құрылғыға қауіпті зақым келтіруі мүмкін.
Құрылғы жалғанған кабельдері мен
сымдарының, жарақат алуды туғызбайтын
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының үстелден немесе құрылғы
орналасқан тіректен шығып тұрмайтынын
тексеріңіз. Құрылғыны дірілдемейтін тегіс, түзу
және тұрақты орынға қойыңыз. Бұл сақтық
шараларын ұстанбаудан құрылғы құлап,
адамды жарақаттауы мүмкін.
Құрылғыны тұрақты емес немесе қисайған
арбаға, тірекке және үстелге немесе қисайған/
еңіс бетке ҚОЙМАҢЫЗ. Аппараттың құлауы
мүмкін, соның салдарынан сізге зақым келуі
және құрылғының күрделі зақымдалуы мүмкін.
Сканердің шынысы сынып қалса, қосымша
жарақат алу қаупі болады.
МАҢЫЗДЫ
• Құрылғының үстіне заттарды қоюға
БОЛМАЙДЫ.
• Құрылғыны динамиктер немесе Brother
компаниясының өнімі болып табылмайтын
сымсыз телефондар сияқты кедергі
көздерінің жанына қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай
істеу құрылғының электрондық бөліктерінің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Жалпы сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының қаптамасында пластик қалталар
пайдаланылған. Тұншығу қаупін болдырмау
үшін бұл пластмасса қалталарды нәрестелер
мен балалардан алыс ұстаңыз. Полиэтилен
пакеттер ойыншық емес.
Аппараттың корпусының ұяларына ешқандай
заттар салмаңыз, себебі олар қауіпті кернеулі
бөліктерге тиюі немесе бөліктермен қысқа
тұйықталуы мүмкін, соның салдарынан өрт
шығуы немесе ток соғуы мүмкін. Аппараттың
ішіне металл заттар, су немесе басқа
сұйықтық кіретін болса, құрылғыны дереу
розеткадан суырыңыз. Brother дилеріне
немесе Brother тұтынушыларды қолдау
қызметіне хабарласыңыз.
Құрамында жанатын заттар, спрейдің кез
келген түрі немесе алкоголь не аммиак бар
органикалық еріткішті/сұйықтықты құрылғының
ішін не сыртын тазалау үшін ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.