Quick Setup Guide

Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
6
МАҢЫЗДЫ
(тек ADS-1700W)
Айнымалы ток адаптерін жалғағаннан немесе
аппаратты қосқаннан кейін, бірден сенсорлы
экранды ҰСТАМАҢЫЗ. Қате орын алуы мүмкін.
Құрылғыны қауіпсіз қосу
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғы ішінде жоғары кернеулі электродтар
бар. Аппараттың ішін ашпас бұрын, (тазалау
сияқты жүйелі техникалық жөндеу үшін)
аппараттан немесе розеткадан айнымалы ток
адаптерін ажыратқаныңызды тексеріңіз.
Айнымалы ток адаптерін су қолыңызбен
ұстауға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғуға
себеп болуы мүмкін.
Оны тұрақты ток қуат көзіне немесе
түрлендіргішке қосуға БОЛМАЙДЫ. Ток соғуы
мүмкін. Егер қолда қандай қуат көзі бар екенін
білмесеңіз, электр маманына хабарласыңыз.
Қуат сымы тозса не зақымдалса, құрылғыны
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ, оның салдарынан ток
соғуы не өрт шығуы мүмкін.
Қуат сымының ортасынан ТАРТПАҢЫЗ. Қуат
сымына ешнәрсе қоюға БОЛМАЙДЫ. Сымның
үстінен басып жүруі мүмкін орынға құрылғыны
ҚОЙМАҢЫЗ. Соның салдарынан ток соғуы не
өрт шығуы мүмкін.
Brother компаниясы ұзартқыш сымның
ешқандай түрін ПАЙДАЛАНБАУДЫ ұсынады.
Бұл сақтық шараларын ұстанбаудан өрт
шығуы, ток соғуы не құрылғы зақымдалуы
мүмкін.
Айнымалы ток адаптерін аппараттан немесе
розеткадан ажыратқанда, әрдайым кабелінен
емес, коннекторынан ұстап, қатты тартыңыз.
Оны сақтамаудан қуат сымдары көрініп не
қиылып қалуы, өрт шығуы не ток соғуы мүмкін.
Айнымалы ток адаптерінің стандартты
розеткаға сұғылғанын тексеріңіз. Бос
розетканы пайдаланбаңыз. Егер айнымалы
ток адаптері розеткаға толық сұғылмаса,
адаптердің қызып, одан өрт шығу қаупі бар.
Әрқашан берілген айнымалы ток адаптерін
қолданыңыз және Интернеттегі
пайдаланушы нұсқаулығындағы Техникалық
сипаттамалар бөлімінде көрсетілген
кернеу ауқымындағы қуат розеткасына
жалғаңыз. Оны ұстанбаудан өзіңіз не
басқалар жарақаттануы немесе аппарат
не басқа мүлік зақымдалуы мүмкін. Brother
берілген айнымалы ток адаптерін қолданбау
салдарынан болатын кез келген жағдайға не
апат жағдайына жауапты емес.
Берілген айнымалы ток адаптерін басқа
өнімдерге ЖАЛҒАМАҢЫЗ.
Айнымалы ток адаптерін шамадан тыс
қыздырып ЖІБЕРМЕҢІЗ.
ЕСКЕРТУ
Егер құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбайтын
болсаңыз, айнымалы ток адаптерін
розеткадан ажыратыңыз.