Quick Setup Guide

Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
7
Құрылғыға қызмет көрсету
Құрылғыны өзіңіз жөндеуге әрекет ЖАСАМАҢЫЗ.
Қақпақтарын ашу немесе алып тастау қауіпті
кернеуді және басқа қауіптерді туғызуы мүмкін
және кепілдіктің күшін жоюы ықтимал. Brother
дилеріне немесе Brother тұтынушыларды қолдау
қызметіне хабарласыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер құрылғы құлап кетсе немесе корпусы
зақымдалса, ток соғу немесе өрт шығу қаупі
болуы мүмкін. Құрылғыны розеткадан ажыратып,
Brother дилеріне немесе Brother тұтынушыларды
қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Құрылғы әдеттен тыс ысып кетсе, түтін шығарса,
қатты иіс шығарса немесе оның үстіне байқамай
сұйықтық төгіп алсаңыз, құрылғыны электр
розеткасынан бірден ажыратыңыз. Brother
дилеріне немесе Brother тұтынушыларды қолдау
қызметіне хабарласыңыз.
МАҢЫЗДЫ
Жұмыс нұсқаулары орындалғанда,
аппарат бірқалыпты жұмыс істемесе, тек
жұмыс нұсқауларында қамтылған басқару
элементтерін реттеңіз. Басқа басқару
элементтерінің дұрыс реттелмеуі зақым
тудыруы мүмкін және құрылғының қалыпты
жұмысын қалпына келтіру үшін білікті
маманның ұзақ жұмысын жиі талап етеді.
Өнім кепілдігі және
жауапкершілік
Бұл нұсқаулықтағы ақпараттың ешқандай бөлігі
қолданыста бар өнім кепілдігіне әсер етпейді
немесе ешқандай қосымша өнім кепілдігі ретінде
қабылданбайды. Осы нұсқаулықтағы қауіпсіздік
нұсқауларын орындамау өнімнің кепілдігін
жарамсыз етуі мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек осы аппаратпен берілген айнымалы ток
адаптерін қолданыңыз.
Бұл өнім оңай қол жеткізуге болатын электр
розеткасына жақын орнатылуы керек.
Апат жағдайында қуатты толық өшіру үшін
айнымалы ток адаптерін электр розеткасынан
ажыратуыңыз керек.
WLAN қосу/ажырату
(тек ADS-1700W)
1 (Settings (Параметрлер)) түймесін
басыңыз.
2 Network (Желі) түймесін басыңыз.
3 WLAN (Сымсыз жергілікті желі) түймесін
басыңыз.
4 WLAN Enable (Сымсыз жергілікті желіні қосу)
параметрін көрсету үшін ▲ немесе ▼ пернесін
басыңыз.
5 WLAN Enable (Сымсыз жергілікті желіні қосу)
түймесін басыңыз.
6 On (Қосу) (немесе Off (Өшіру)) түймесін
басыңыз.
WEEE және батарея
директиваларына сәйкес
кәдеге жарату туралы
ақпарат
Өнім белгісі Батарея белгісі
Тек Еуропалық Одақ үшін
Өнім/батарея жоғарғы қайта өңдеу белгілерінің
бірімен таңбаланады. Бұл өнімнің/батареяның
қызмет мерзімінің соңында оны қалыпты
тұрмыстық қалдықпен бірге емес, тиісті жинақтау
орнына бөлек тастау қажеттігін көрсетеді.