Product Safety Guide

Table Of Contents
1
ADS-2400N
ADS-2800W
ADS-3000N
ADS-3600W
KZH E нұсқасы
(Тек ЕО)
Аппаратты пайдаланбастан бұрын немесе кез келген техникалық қызмет көрсету
жұмысын орындамастан бұрын осы буклетті оқыңыз. Бұл нұсқауларды орындамау өрт
шығу, ток соғу, күйіп қалу немесе тұншығу қатерін арттыруы мүмкін. Brother компаниясы
өнім иесінің осы нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларды орындамауынан туындаған зиян
үшін жауапты болмайды.
Бұл нұсқаулықты пайдалану жолы:
1 Аппаратты пайдаланбастан бұрын нұсқаулықты толығымен оқып шығып, кейінірек
қолдану үшін сақтап қойыңыз.
2 Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды мұқият орындап, өнімде белгіленген барлық
ескертулер мен нұсқауларды міндетті түрде орындаңыз.
3 Егер бұл нұсқаулықты оқып болғаннан кейін аппаратты қалай пайдалану керектігі
туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Brother дилеріне немесе Brother
тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
4 Нұсқаулардың барлығын
түсіну үшін құжаттамада пайдаланылған төмендегі таңбалар
мен шартты белгілерді қарап шығыңыз.
Құжаттамада
пайдаланылған таңбалар
мен шартты белгілер
Келесі таңбалар мен шартты белгілер
құжаттамада пайдаланылған:
Аппаратта жəне АТ адаптерінде (қазірден
бастап жиынтығында «құрылғы» деп
аталады) белгіленген барлық ескертулер
мен нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ хабарлары алдын алмаған
жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі
мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ хабарлары алдын алмаған жағдайда
жеңіл немесе орташа жарақатқа əкелуі мүмкін
ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
МАҢЫЗДЫ
МАҢЫЗДЫ хабарлары алдын алмаған
жағдайда мүлікке зақым келтіруі немесе
өнімнің жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін
ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
ЕСКЕРТПЕ орын алуы мүмкін жағдайда
əрекет ету жолын көрсетеді немесе басқа
мүмкіндіктермен жұмыс істеу жолы туралы
кеңестер береді.
Тыйым салу белгішелері орындалмауы
тиіс əрекеттерді көрсетеді.
Бұл белгіше жанғыш спрейлерді
қолдануға болмайтынын көрсетеді.
Бұл белгіше спирт жəне сұйықтықтар
сияқты органикалық ерітінділерді
қолдануға болмайтынын көрсетеді.
Ток соғу қаупі белгішелері ықтимал
ток соғуы мүмкін екенін көрсетеді.
Өрт шығу қаупі белгішелері өрт шығу
ықтималдығын ескертеді.
Аппаратты токтан ажырату қажеттігін
көрсететін ажырату белгішелері.
Жуан
Жуан қаріп аппараттың
басқару панеліндегі немесе
компьютер экранындағы
арнайы түймелерді білдіреді.
Қиғаш
Қиғаш мəтін маңызды
тұстарды баса көрсетеді
немесе қатысты тақырыпқа
сілтеме жасайды.
(Тек
ADS-2800W,
ADS-3600W)
Courier New
Courier New қарпіндегі
мəтін аппараттың СКБ
дисплейіндегі хабарларды
білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
Осы нұсқаулықтағы суреттер
ADS-3600W үлгісін көрсетеді.
Өнімнің қауіпсіздік
нұсқаулығы
ADS-2400N, A DS-2800W, ADS-3000N, ADS-3600W

Summary of content (23 pages)