Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы 1 (HL-L5000D / HL-L5100DN / HL-L5100DNT / HL-L5200DW / HL-L5200DWT / HL-L6250DN / HL-L6300DW / HL-L6300DWT / HL-L6400DW / HL-L6400DWT / DCP-L5500DN / DCP-L6600DW / MFC-L5700DN / MFC-L5750DW / MFC-L6800DW / MFC-L6900DW) Brother Industries, Ltd. 15-1, Naeshiro-cho, Mizuho-ku, Nagoya 467-8561, Japan Өнімді пайдаланбастан бұрын немесе кез келген техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамастан бұрын осы нұсқаулықты оқыңыз.
Құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер Келесі таңбалар мен шартты белгілер құжаттамада пайдаланылған. Өнімде белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТУ Қалың Қалың қаріп өнімнің басқару панеліндегі немесе компьютер экранындағы арнайы түймелерді білдіреді. Көлбеу Көлбеу қаріп маңызды нəрсені ерекшелейді немесе қатысты тақырыпқа сілтеме береді. Courier New Courier New қарпіндегі мəтін өнімнің СКД дисплейіндегі хабарларды білдіреді.
Жинақтау жəне жариялау туралы ескертпе 1 Бұл нұсқаулық жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігінің мəліметтерін қамтамасыз ету үшін жасалған жəне жарияланған. Бұл нұсқаулықта қамтылған мəліметтер өзгертілуі мүмкін. Ең соңғы нұсқаулықты алу үшін біздің сайтымызға кіріңіз: http://support.brother.com Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз 1 ЕСКЕРТУ Температурасы 10 жəне 32°C аралығында, ылғалдылығы 20-80 % аралығында болатын жəне конденсация болмайтын жерді таңдаңыз.
Өнімді ондағы қандай да бір ұяны немесе саңылауды бітейтін орынға қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұл ұялар мен саңылаулар желдетуге арналған. Өнімнің желдеткішін жабу қызып кету жəне/немесе өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін. • Өнімнің айналасында мысал суретте көрсетілгендей аздаған саңылау қалдырыңыз. (тек HL) 150 мм 150 мм 150 мм 150 мм (тек MFC жəне DCP) 300 мм 150 мм 150 мм 150 мм • Өнімді қатты тегіс бетке қойыңыз. • Бұл өнімді радиаторға немесе жылытқышқа жақын қоюға БОЛМАЙДЫ.
АБАЙЛАҢЫЗ Бұл өнім басып шығару кезінде біраз химиялық заттар бөліп шығарады жəне ұзақ уақыт немесе нашар желдетілетін жерлерде пайдаланылса, озон сияқты жағымсыз газдар бөлуі мүмкін. Оңтайлы жұмыс істеуі жəне қолайлы болуы үшін өнімді жақсы желдетілетін жерге қойыңыз. Өнімді бос емес жерге қоймаңыз. Егер оны бос емес жерге қою керек болса, өнімді кенет құлап кетпейтіндей қауіпсіз орынға қойыңыз, себебі ол сізді немесе басқаларды жарақаттауы жəне өнімге үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Жалпы сақтандыру шаралары ЕСКЕРТУ Өнімнің орамында пластик қалталар пайдаланылған. Тұншығу қаупін болдырмау үшін бұл пластик қалталарды нəрестелер мен балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Пластик қалталар ойыншық емес. (Тек сымсыз жергілікті желі функциясы бар үлгілерге арналған) Өнімді медициналық электрлік жабдықтың жанында пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Өнімнен бөлінген радио толқын медициналық электр жабдыққа əсер етіп, оның дұрыс жұмыс істемеуінен медициналық апатқа алып келуі мүмкін.
Өнімнің ішін немесе сыртын тазалау үшін жанғыш заттарды, спрейді немесе спирт не нашатыр спирті бар органикалық еріткішт/сұйықтықты пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Бұдан өрт шығуы мүмкін. Оның орнына құрғақ, талшықсыз шүберекті пайдаланыңыз. Қағаз кептеліп қалғанда немесе қағаз бөліктері өнімде қалып қойғанда, бұл өнімді қолдануға БОЛМАЙДЫ. Қағаздың ұзақ уақыт бойы термобекіткіш бөлігіне тиіп тұруынан өрт шығуы мүмкін. Шашыраған тонерді тазалау үшін шаңсорғышты пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
ЫСТЫҚ ЖЕР Өнімді қолданғаннан кейін өнімнің кейбір ішкі бөліктері қатты ыстық болады. Өнімнің ішкі бөліктерін ұстамастан бұрын өнім суығанша кемінде 10 минут күтіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ (тек HL) Өнімді жылжытқанда өнімнің алдыңғы жағынан тұрып, қолдарыңызбен астынан мықтап қысып ұстаңыз. (Тек MFC жəне DCP) Өнімн ауыр, салмағы 16,3 кг-нан асады. Жарақаттанып қалмас үшін өнімді кемінде екі адам артынан жəне алдынан ұстап көтергені дұрыс. Егер Mailbox/төменгі науа пайдаланылса, жарақат алып қалу немесе өнімге зақым келтіріп алу мүмкін болғандықтан, өнімді Mailbox/төменгі науасымен бірге тасуға БОЛМАЙДЫ, себебі ол Mailbox/төменгі науаға бекітілмеген.
Өнім факстерді қабылдау үшін пайдаланылмаса жəне ұзақ уақыт қолданылмайтын болса, оны розеткадан суырып қойыңыз. Тонер картриджін бөлшектеуге БОЛМАЙДЫ. Егер тонер ұнтағы төгіліп кетсе, ол деміңізбен кіріп кетпесін немесе теріңізге тимесін. Егер деміңізбен кірсе немесе теріңізге тисе, мына сайттағы «Қауіпсіздік деректері» (SDS) бөлімін қараңыз: http://sds.brother.co.jp/sdsapp/index.html Тонер картриджін балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
МАҢЫЗДЫ Өнім ішіндегі сақтандыру немесе ескерту жапсырмаларының ешқайсысын алуға немесе зақымдауға БОЛМАЙДЫ.
Өнімді қауіпсіз жалғау ЕСКЕРТУ Өнім ішінде жоғары кернеулі электродтар бар. Өнімнің ішін тазаламастан бұрын телефон желісінің сымын (тек MFC) жəне қуат сымын розеткадан ажыратқаныңызды тексеріңіз. Бұл ток соғуды болдырмайды. Штепсельді розеткадан суыру немесе оған тығу үшін айнымалы ток сымын пайдалануға БОЛМАЙДЫ, штепсельдегі саусақпен ұстайтын жерлерді пайдаланыңыз. Штепсельді ылғал қолмен ұстауға БОЛМАЙДЫ. Бұдан ток соғуы мүмкін. Штепсельдің толық кіргенін əрқашан тексеріңіз.
(Тек MFC) Телефон желісі қабырға розеткасынан ажыратылмаған болса, қосылған телефон сымын немесе терминалдарын ешқашан ұстамаңыз. Найзағай кезінде телефон желісіне қосушы немесе ол тозып кеткен не зақымдалған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Телефон розеткасын дымқыл немесе дымқылдануы мүмкін жерге, мысалы, тоңазытқыштың немесе конденсация түздіретін басқа құрылғылардың жанына қоймаңыз. Бұдан ток соғуы мүмкін. Бұл өнімді сым созылатын немесе сымға қысым түсетін жерге қоюға БОЛМАЙДЫ.
Штепсельге немесе розеткаға сұйықтықтың ешқандай түрін тигізуге БОЛМАЙДЫ. Штепсельдің, розетканың немесе өнімнің шаң болуына жол БЕРМЕҢІЗ.
Өнімді жөндеу 1 ЕСКЕРТУ Бұл өнімді өзіңіз жөндеуге əрекет ЕТПЕҢІЗ, себебі қақпақтарды ашу немесе алып тастау қауіпті кернеу нүктелерінің ашық қалуы жəне кепілдікті жарамсыз етуі мүмкін басқа қауіптерді төндіруі мүмкін. Өнімде қиындықтар туындаса, Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз. Өнім құлап қалса немесе корпусы зақымдалса, ток соғу ықтималдығы болуы мүмкін.
Өнім кепілдігі жəне жауапкершілік 1 Бұл нұсқаулықтағылар бар өнім кепілдігіне əсер етпейді немесе ешқандай қосымша өнім кепілдігін беру ретінде қабылданбайды. Осы нұсқаулықтағы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өнімнің кепілдігін жарамсыз етуі мүмкін. ЕСКЕРТУ Бұл өнімді судың жанында, мысалы, ванна, шұңғылша, ас үйдегі шұңғылша немесе кір жуатын машина жанында, ылғал негіз немесе бассейн жанында пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Тек осы өніммен берілген қуат сымын пайдаланыңыз.
IEC60825-1:2014 спецификациясы (тек 220-240 В модельдер үшін) 1 Бұл — IEC60825-1:2014 спецификациясында анықталғандай 1-сыныпты лазерлі өнім. Төменде көрсетілген жапсырма талап етілген елдерде жабыстырылады. Бұл өнімде Лазер бөлігінде көрінбейтін лазер радиациясын шығаратын 3B класты лазерлі диод бар. Лазер бөлігін ешқандай жағдайда ашуға болмайды. CLASS 1 LASER PRODUCT APPAREIL À LASER DE CLASSE 1 LASER KLASSE 1 PRODUKT Ішкі лазерлі радиация 1 Толқын ұзындығы: 775-800 нм Шығыс: ең көбі 25 мВт.
Жергілікті желі байланысы (тек желі қосылатын модельдерде) 1 АБАЙЛАҢЫЗ Ток кернеуі ұлғаятындықтан бұл өнімді жергілікті желіге қосуға БОЛМАЙДЫ. Радио кедергісі 1 Бұл өнім EN55022 (CISPR 22 шығарылымы)/B класына сəйкес келеді. Сурет жасауға арналған құрылғының еркін келісімі (Бұл 2015 жылғы қаңтардан кейін ЕО нарығына шыққан жаңа модельдерге қолданылады.) Brother компаниясы өнім шығару тоқтатылғаннан кейін кемінде бес жыл бойы қосалқы бөлшектердің қолжетімді болатынына кепілдік береді.
Кеден одағының техникалық регламентінің 1 19
Сауда белгілері BROTHER — Brother Industries, Ltd. компаниясының сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі. Windows, Windows Vista, Windows Server жəне Active Directory — Microsoft корпорациясының сауда белгілері немесе Америка Құрама Штатында жəне/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгілері. Macintosh, iPad, iPhone, iPod touch жəне OS X — Apple Inc. корпорациясының Америка Құрама Штатында жəне басқа елдерде тіркелген сауда белгілері. AirPrint жəне AirPrint логотипі — Apple Inc.
Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілері 1 Бұл өнімде бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал бар. Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілері мен авторлық құқық туралы ақпаратты көру үшін http://support.brother.com сайтындағы Brother Solutions Center орталығына кіріңіз. Авторлық құқық жəне лицензия 1 © 2015 Brother Industries, Ltd. Барлық құқықтары қорғалған. Бұл өнім келесі сатушылар тарапынан жетілдірілген бағдарламалық құралды қамтиды: © 1983-1998 PACIFIC SOFTWORKS, INC. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛҒАН.
Brother тұтынушыларды қолдау қызметі Тұтынушыларды қолдау қызметі 1 1 Жергілікті Brother кеңсесі бойынша байланыс ақпаратын алу үшін http://www.brother.com сайтына кіріңіз. Қызмет көрсету орталығының орындары Еліңіздегі қызмет көрсету орталығы үшін жергілікті Brother кеңсесіне хабарласыңыз. Жергілікті кеңсенің мекенжайы мен телефонын еліңізді таңдау арқылы http://www.brother.com сайтынан таба аласыз.
Көшіру жабдығын заңсыз пайдалану (тек MFC жəне DCP) 1 Алаяқтық жасау мақсатында белгілі бір элементтердің немесе құжаттардың қайта шығарылымын жасау заң бұзушылық болып табылады. Төмендегілер — көшірмелерін жасау заңсыз болуы мүмкін құжаттардың толық емес тізімі.
Басылым айы: 02/2019 www.brotherearth.