Product Safety Guide

Table Of Contents
13
(Тек MFC)
Телефон желісі қабырға розеткасынан ажыратылмаған болса, қосылған телефон сымын
немесе терминалдарын ешқашан ұстамаңыз. Найзағай кезінде телефон желісіне қосушы
немесе ол тозып кеткен не зақымдалған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Телефон
розеткасын дымқыл немесе дымқылдануы мүмкін жерге, мысалы, тоңазытқыштың
немесе конденсация түздіретін басқа құрылғылардың жанына қоймаңыз. Бұдан ток соғуы
мүмкін.
Бұл өнімді сым созылатын немесе сымға қысым түсетін жерге қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұдан
сым үзілуі немесе қырылуы мүмкін.
Қуат сымы қырылған немесе зақымдалған болса, өнімді пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Олай
істеу ток соғу немесе өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
Қуат сымына ешнəрсе түсіруге БОЛМАЙДЫ.
Бұл өнімді адамдар сымын басатын жерге қоюға БОЛМАЙДЫ.
Бұл өнімді қуат сымы созылатын немесе қысылатын жерге қоюға БОЛМАЙДЫ, себебі
ол үзілуі немесе қырылуы мүмкін.
Арналмаған кабельдерді (немесе қосымша құрылғыларды) пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
Өрттің шығуы немесе жарақаттауы мүмкін. Пайдаланушы нұсқаулығына сəйкес дұрыс
орнату керек.
Brother компаниясы ұзартқыш сымның ешқандай түрін пайдалануға БОЛМАЙТЫНЫН
ескертеді.