Product Safety Guide
Table Of Contents
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы- Бұл нұсқаулықты пайдалану жолы:
- Құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
- Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
- Жалпы сақтандыру шаралары
- Өнімді қауіпсіз жалғау
- Өнімді жөндеу
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік- Құрылғыны ажырату
- Мақұлдау ақпараты (тек MFC)
- IEC60825-1:2014 спецификациясы (тек 220-240 В модельдер үшін)
- Сымсыз жергілікті желі (Тек сымсыз жергілікті желі функциясы бар үлгілер)
- NFC (тек NFC функциясы бар модельдерде)
- Жергілікті желі байланысы (тек желі қосылатын модельдерде)
- Радио кедергісі
- Сурет жасауға арналған құрылғының еркін келісімі
- Кеден одағының техникалық регламентінің
 
- Сауда белгілері
- Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілері
- Авторлық құқық және лицензия
- Басқа ақпараттар
- Brother тұтынушыларды қолдау қызметі
- Көшіру жабдығын заңсыз пайдалану (тек MFC және DCP)
 
3
Жинақтау жəне жариялау туралы ескертпе 1
Бұл нұсқаулық жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігінің мəліметтерін қамтамасыз ету 
үшін жасалған жəне жарияланған. Бұл нұсқаулықта қамтылған мəліметтер өзгертілуі 
мүмкін.
Ең соңғы нұсқаулықты алу үшін біздің сайтымызға кіріңіз: http://support.brother.com
Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз 1
ЕСКЕРТУ
Температурасы 10 жəне 32°C аралығында, ылғалдылығы 20-80 % аралығында болатын 
жəне конденсация болмайтын жерді таңдаңыз.
Өнімді күн сəулесі тікелей түсетін жерге, қатты ыстық жерге, ашық жалынға, 
тоттандыратын газға, ылғал жерге немесе шаң жерге қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток 
соғу, қысқа тұйықталу немесе өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, ол өнімді 
зақымдауы жəне/немесе оны бұзуы мүмкін.
Өнімді жылытқыштарға, салқындатқыштарға, электр желдеткіштеріне, тоңазытқыштарға 
немесе суға жақын қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе өрт 
шығу қаупін тудыруы мүмкін, себебі су өнімге (ысыту/ауаны баптау/желдету жабдығынан 
туындаған конденсацияны қоса) тиюі мүмкін.
Өнімді химиялық заттарға немесе химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге қоюға 
БОЛМАЙДЫ. Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе сұйықтықтар корпусты 
жəне/немесе кабельдерді ерітуі немесе бұзып, өрт шығу немесе ток соғу қаупін тудыруы 
мүмкін. Сондай-ақ, олар өнімді бұзуы немесе түсін кетіруі мүмкін.










