Product Safety Guide

Table Of Contents
6
Жалпы сақтандыру шаралары 1
ЕСКЕРТУ
Өнімнің орамында пластик қалталар пайдаланылған. Тұншығу қаупін болдырмау үшін бұл
пластик қалталарды нəрестелер мен балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Пластик қалталар ойыншық емес.
(Тек сымсыз жергілікті желі функциясы бар үлгілерге арналған)
Өнімді медициналық электрлік жабдықтың жанында пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Өнімнен
бөлінген радио толқын медициналық электр жабдыққа əсер етіп, оның дұрыс жұмыс
істемеуінен медициналық апатқа алып келуі мүмкін.
Кардиостимуляторлары бар пайдаланушылар үшін
Бұл өнім əлсіз магнит өрісін шығарады. Егер өнімнің жанында тұрғанда
кардиостимулятордың əдеттен тыс белгілерін байқасаңыз, бірден өнімнен алысырақ
кетіп, дəрігерге қаралыңыз.
Найзағай кезінде бұл өнімді пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Найзағайдан қашықтағы ток соғу
қаупі туындауы мүмкін.
Тонер картриджін немесе тонер картриджі мен барабан бөлігінің жинағын отқа тастауға
БОЛМАЙДЫ. Ол жарылып кетіп, жарақаттауы мүмкін.