Product Safety Guide

Тонерге бір жеріңіз тиіп кеткен жағдайда мына нұсқауларды орындаңыз:
Ішке жұту
Бірден дәрігерге қаралыңыз. Байқамай деміңізбен ішке енсе, дереу таза ауаға шығып,
дәрігерге қаралыңыз.
Теріге тию
Бүлінген киімді бірден шешіп, тонер тиген теріні жеткілікті сумен немесе сабынмен
жуыңыз.
Көзге тию
Дәрігерге қаралыңыз. Тонер көздеріңіздің ішіне кірсе, дереу көздеріңізді кемінде 15
минуттай сумен үзбей жуыңыз.
Жұту
Бірден дәрігерге қаралыңыз. Аузыңызды сумен шайып, 200-300 мл (бір стакан) су
ішіңіз.
Өнімде пайдаланылған тонерлерге қатысты қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін
Қауіпсіздік деректер парағын (SDS) оқу мақсатында келесі веб-мекенжайға кіріңіз:
sds.brother.co.jp/sdsapp/index.html.
Қағаздың қырын қолмен СИПАМАҢЫЗ. Қағаздың жіңішке және өткір қырлары
жарақаттауы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ
Өнімнің жұмысындағы анық өзгеруі қызмет көрсету қажеттігін көрсетуі мүмкін.
Өнімді қабырға қосқыштары немесе автоматты таймерлер бақылайтын немесе көп
мөлшерде электр тогін қажет ететін үлкен құрылғы немесе басқа жабдық қосылған
желімен бірдей электр розеткасына ЖАЛҒАМАҢЫЗ. Оның қуат көзіне кедергі келтіруі
мүмкін. Қуат көзіне кедергі келтіру өнім жадындағы мәліметтерді жоюы және қуат
көзінің қайталанатын айналымы өнімге зақым келтіруі мүмкін.
Құрылғымен бірге берілген картридждерді ауыстыру үшін түпнұсқа тонер
картридждерін қолдануды ұсынамыз. Түпнұсқа емес тонер картридждерінің аппаратқа
зақым келтіруі мүмкін. Сонымен бірге сақтау мерзіміне әсер етуі мүмкін. (Барлық
түпнұсқа емес тонер картридждері бұл мәселелерді туғызбайды.)
Өнім ішіндегі сақтандыру немесе ескерту жапсырмаларының ешқайсысын алуға
немесе зақымдауға БОЛМАЙДЫ.
12