Product Safety Guide
Table Of Contents
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
- Бұл нұсқаулықты пайдалану жолы:
- Құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
- Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
- Жалпы сақтандыру шаралары
- Өнімді қауіпсіз жалғау
- Өнімге қызмет көрсету
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік
- Құрылғыны ажырату
- Мақұлдау ақпараты (тек MFC)
- Сəйкестік мәлімдемесі (тек Еуропа)
- 1999/5/EC (тек Еуропа) санды R&TTE (Радио және телекоммуникациялар) директивасына сәйкестік мәлімдемесі (Телекоммуникациялары және/немесе рад...
- IEC 60825-1:2007 спецификациясы (тек 220-240 В модельдер үшін)
- Сымсыз жергілікті желі (Тек сымсыз жергілікті желі функциясы бар үлгілер)
- Жергілікті желі байланысы (Тек желілік модельдер)
- Радио кедергісі
- Кескіндеу жабдығының еркін келісімі
- Кеден одағының техникалық регламентінің
- Сауда белгілері
- Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілері
- Авторлық құқық және лицензия
- Басқа ақпараттар
- Brother тұтынушыларды қолдау қызметі
- Көшіру жабдығын заңсыз пайдалану (тек MFC және DCP)
3
Жинақтау жəне жариялау туралы ескертпе 1
Бұл нұсқаулық жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігінің мəліметтерін қамтамасыз ету
үшін жинақталған жəне жарияланған. Бұл нұсқаулықта қамтылған мəліметтер өзгертілуі
мүмкін.
Соңғы нұсқаулықты алу үшін, http://support.brother.com
мекенжайына өтіңіз.
Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз 1
ЕСКЕРТУ
Температурасы 10 жəне 32 °C аралықта, ылғалдығы 20-80 % аралықта болатын жəне
конденсация болмайтын жерді таңдаңыз.
Өнімді тікелей күн сəулесіне, қатты ыстыққа, ашық жалынға, тоттандыратын газға,
ылғалға немесе шаңға тастауға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе
өрт қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, ол өнімді зақымдауы жəне/немесе оны бұзуы
мүмкін.
Өнімді ысытқышқа, кондиционерлерге, электр желдеткіштеріне, тоңазытқыштарға немесе
суға жақын қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе өрт қатерін
тудыруы мүмкін, себебі су өнімге (ысыту/ауаны баптау/желдету жабдығынан туындаған
конденсацияны қоса) тиюі мүмкін.
Өнімді химиялық заттарға немесе химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге қоюға
БОЛМАЙДЫ. Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе сұйықтықтар корпусты
жəне/немесе кабельдерді ерітуі немесе бұзып, өрт немесе ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ, олар өнімді бұзуы немесе түсін кетіруі мүмкін.