Product Safety Guide

Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
HL-L3210CW / HL-L3230CDW / HL-L3270CDW / DCP-L3510CDW /
DCP-L3517CDW / DCP-L3550CDW / MFC-L3710CW /
MFC-L3730CDN / MFC-L3750CDW / MFC-L3770CDW
Brother Industries, Ltd.
15-1, Naeshiro-cho, Mizuho-ku, Nagoya 467-8561, Жапония
Өнімді пайдаланбастан бұрын немесе кез келген техникалық қызмет көрсету жұмысын
орындамастан бұрын, осы нұсқаулықты оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау нәтижесінде
өрт, ток соғу, күйіп қалу немесе тұншығу сияқты жеке басқа жарақат немесе мүлікке зақым
қаупі артуы мүмкін. Brother компаниясы иеленушінің осы нұсқаулықта көрсетілген
нұсқауларды орындамауынан туындаған зиян үшін жауапты болмайды.
Осы нұсқаулықты пайдалану әдісі:
1. Өнімді пайдалану алдында нұсқаулықты толық оқып шығыңыз және оны кейін қолдану
үшін сақтап қойыңыз.
2. Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз және өнімде белгіленген
барлық ескертулер мен нұсқауларды әрқашан орындаңыз.
3. Егер осы нұсқаулықты оқығаннан кейін өнімді пайдалану әдісі жөнінде сұрақтарыңыз
болса, Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті Brother дилеріне
хабарласыңыз.
4. Барлық нұсқауларды түсіну үшін құжаттамада пайдаланылған шартты белгілер мен
таңбаларды қарап шығыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Толығырақ нұсқауларды, ақпаратты және өнім сипаттамаларын мына сайттағы Интернеттегі
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз: support.brother.com/manuals сайтындағы «Online User’s
Guide» (Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығы) құжатынан қараңыз
1

Summary of content (20 pages)