Product Safety Guide
Table Of Contents
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
- Бұл нұсқаулықты пайдалану жолы:
- Құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
- Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
- Жалпы сақтандыру шаралары
- Өнімді қауіпсіз жалғау
- Өнімге қызмет көрсету
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік
- Мақұлдау ақпараты (тек MFC)
- Сəйкестік мәлімдемесі (тек Еуропа)
- 1999/5/EC (тек Еуропа) санды R&TTE (Радио жəне телекоммуникациялар) директивасына сəйкестік мəлімдемесі (Телекоммуникациялары жəне/немесе радио интерфейстері бар үлгілерге қолданылады)
- IEC60825-1:2007 спецификациясы (тек 220-240 В модельдері үшін)
- Сымсыз жергілікті желі (Сымсыз жергілікті желі функциясы бар модельдер үшін ғана)
- Құрылғыны ажырату
- Жергілікті желі байланысы
- Радио кедергісі
- Халықаралық ENERGY STAR® куәлік мәлімдемесі
- Кеден одағының техникалық регламентінің
- Сауда белгілері
- Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілері
- Авторлық құқық және лицензия
- Басқа ақпараттар
- Brother тұтынушыларды қолдау орталығы
- Көшіру жабдығын заңсыз пайдалану (тек MFC және DCP)
3
Жинақтау жəне жариялау туралы ескертпе 1
Бұл нұсқаулық жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігінің мəліметтерін қамтамасыз ету
үшін жинақталған жəне жарияланған. Бұл нұсқаулықта қамтылған мəліметтер ескертусіз
өзгертілуі мүмкін.
Соңғы нұсқаулықты алу үшін, http://solutions.brother.com/
мекенжайына өтіңіз.
Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз 1
Өнімді үстел сияқты діріл жəне соққы жоқ тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Өнімді телефон
розеткасына (тек MFC) жəне стандартты жерге жалғанған электр розеткасына жақын
қойыңыз. Температура 10 жəне 32 °C аралығында, ал ылғалдылық 20-80 %
(конденсациясыз) аралығында болатын орынды таңдаңыз.
ЕСКЕРТУ
Өнімді тікелей күн сəулесіне, қатты ыстыққа, ашық жалынға, тоттандыратын газға,
ылғалға немесе шаңға тастауға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе
өрт қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, ол өнімді зақымдауы жəне/немесе оны бұзуы
мүмкін.
Өнімді ысытқышқа, кондиционерлерге, электр желдеткіштеріне, тоңазытқыштарға немесе
суға жақын қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе өрт қатерін
тудыруы мүмкін, себебі су өнімге (ысыту/ауаны баптау/желдету жабдығынан туындаған
конденсацияны қоса) тиюі мүмкін.
Өнімді химиялық заттарға немесе химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге қоюға
БОЛМАЙДЫ. Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе сұйықтықтар корпусты
жəне/немесе кабельдерді ерітуі немесе бұзып, өрт немесе ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ, олар өнімді бұзуы немесе түсін кетіруі мүмкін.










