Product Safety Guide

Table Of Contents
11
Аша немесе розетканың ішіне қандай да бір сұйықтықтың еніп кетуіне ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ.
Егер су, басқа сұйықтық түрлері немесе метал заттар өнім ішіне түссе, өнімді электр
розеткадан дереу ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті
Brother дилеріне хабарласыңыз.
Бұл өнімді техникалық сипаттамалар кестесінде көрсетілген ауқымға кіретін айнымалы
ток көзіне қосу керек. Оны тұрақты ток қуат көзіне немесе түрлендіргішке қосуға
БОЛМАЙДЫ. Егер қолда қандай қуат көзі бар екенін білмесеңіз, электр маманына
хабарласыңыз.
Қуат сымының қауіпсіздігі:
Қуат сымына ешнəрсе қоюға БОЛМАЙДЫ.
Бұл өнімді адамдар сымын басып өтетін жерге ҚОЙМАҢЫЗ.
Бұл өнімді сымы созылатын немесе сымға басқа да жүк түсетін орынға ҚОЙМАҢЫЗ.
Олай жасаған жағдайда сым тозып кетуі мүмкін.
Бұл өнім 3 сымды жерге тұйықталған ашамен жабдықталған. Бұл аша тек жерге
тұйықталған қуат шығысына сəйкес келеді. Бұл қауіпсіздік шарасы болып табылады. Егер
ашаны розеткаға қоса алмасаңыз, ескі розетканы ауыстыру үшін электр маманын
шақырыңыз. Бірге жеткізілетін жерге тұйықталған ашаны көрсетілгеннен басқа
розеткамен ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.