Product Safety Guide
Table Of Contents
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
- Осы нұсқаулықты пайдалану әдісі:
- Құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
- Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
- Жалпы сақтық шаралары
- Өнімді қауіпсіз қосу
- Өнімге қызмет көрсету
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік
- Рұқсаттар туралы ақпарат
- Сәйкестік мәлімдемесі (Тек Еуропа)
- 1999/5/EC (тек Еуропа) нөмірлі R&TTE (Радио және телекоммуникациялар) директивасына сәйкестік мәлімдемесі (Телекоммуникациялары және/немесе р...
- Сымсыз LAN
- LAN қосылымы
- Радио кедергісі
- Халықаралық ENERGY STAR® куәлік мәлімдемесі
- Кеден одағының техникалық регламентінің
- Сауда белгілері
- Ашық бағдарламаның лицензиялау ескертпелері
- Авторлық құқық және лицензия
- Басқа ақпарат
- Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне
- Көшіру жабдығын заңсыз пайдалану
- brother KZH
12
Телефон желілерін орнатқан не өзгерткен кезде сақ болыңыз.
Телефон желісі қабырға розеткасынан ажыратылмай, оқшаулауышпен оратылмаған
телефон сымдарын немесе түйіспелерін ұстамаңыз. Телефон сымдарын найзағай
кезінде орнатпаңыз. Телефонның қабырға розеткасын ешқашан ылғал жерге орнатпаңыз.
Сым тозып кеткен жағдайда, өнімді не тұтқаны ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнімді розеткадан
ажыратқан жағдайда, зақымдалған/тозған жерін қолмен ҰСТАМАҢЫЗ.
Айнымалы ток көзінің қуат сымының ортасын ТАРТПАҢЫЗ. Қуат сымына ешнəрсе қоюға
БОЛМАЙДЫ. Бұл өнімді адамдар сымын басуы мүмкін жерге ҚОЙМАҢЫЗ. Олай істеу ток
соғуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Brother компаниясы ұзартқыш сымның ешқандай түрін ПАЙДАЛАНБАУДЫ ұсынады.
Өнімге қызмет көрсету 1
ЕСКЕРТУ
Өнім түсіп кетсе немесе корпусы зақымдалса, ток соғу қаупі болуы мүмкін. Өнімді электр
розеткасынан ажыратыңыз жəне Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе
жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз.
Өнім əдеттен тыс ысып кетсе, түтін шығарса, қатты иіс шығарса немесе оның үстіне
байқамай сұйықтық төгіп алсаңыз, өнімді электр розеткасынан бірден ажыратыңыз.
Brother дилеріне не Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне қоңырау шалыңыз.
МАҢЫЗДЫ
Пайдалану жөніндегі нұсқаулар орындалғанда, өнім дұрыс жұмыс істемесе, тек
пайдалану жөніндегі нұсқауларда қамтылған басқару элементтерін реттеңіз. Басқа
басқару элементтерінің дұрыс реттелмеуі зақым тудыруы мүмкін жəне өнімді қалыпты
жұмысына қалпына келтіру үшін білікті маманның араласуын талап етеді.










