Product Safety Guide

Table Of Contents
4
АБАЙЛАҢЫЗ
Өнімді үстел сияқты діріл жəне соққы болмайтын тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Өнімді
телефон розеткасының жəне жерге тұйықталған кəдімгі электр розеткасының жанына
қойыңыз.
Өнім үстіне ауыр заттарды ҚОЙМАҢЫЗ. Өнімді əсіресе оның жанында балалар болып
қалады деп ойласаңыз, оны тұрақсыз арбаның, бағананың не үстелдің үстіне
ҚОЙМАҢЫЗ. Өнім ауыр болғандықтан, құлап кетуі мүмкін, ал бұл сіздің не өзгелердің
жарақаттануына жəне өнімнің елеулі зақымдауына əкелуі мүмкін. Сканерлеу функциясы
бар өнімдерге қатысты сканер əйнегі сынған жағдайда қосымша жарақат
алу қаупі бар.
Өнімді көп адам болатын жерге қоймаңыз. Егер оны адам көп болатын жерге қою қажет
болса, оның нəтижеде сіздің не өзгелердің жарақаттауына жəне өнімді елеулі
зақымдауына себеп болмайтындай, əрі кездейсоқ құлап кете алмайтындай қауіпсіз
орында тұрғанына көз жеткізіңіз.
МАҢЫЗДЫ
Өнімнің үстіне заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істемеген жағдайда, қызып кету қаупі
күшейіп, өнім бұзылуы мүмкін.
Өнімнің алдына оның факс қабылдауына не беттерді басып шығаруына кедергі
келтіретіндей ештеңе ҚОЙМАҢЫЗ. Қабылданатын факстердің немесе басылып
шығатын беттердің жолына ештеңе ҚОЙМАҢЫЗ.
Өнімді динамиктер немесе Brother компаниясының өнімі болып табылмайтын сымсыз
телефондар сияқты кедергі көздерінің
жанына қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу өнімнің
электрондық бөліктерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Өнімді еңкейтілген/майысқан бетке ҚОЙМАҢЫЗ. Сия картридждері орнатылғаннан кейін
өнімді ТӨҢКЕРМЕҢІЗ. Бұл əрекет сияның ағып кетуіне жəне өнімнің ішкі бөліктерінің
зақымдалуына əкелуі мүмкін.