Product Safety Guide

Table Of Contents
9
Өнімді тасыған кезде науа A3, Legal немесе ledger өлшеміндегі қағазды алу үшін кеңейтілген
болса, оны алып тастаңыз. Қағаздың салмағынан науа құлап, жарақатқа əкелуі мүмкін.
Егер сия теріге, көзге не ауызға тисе, мына қадамдарды дереу орындаңыз:
Егер сия теріге тисе, оны сумен жəне сабынмен жуып жіберіңіз.
Егер сия көзге тисе, оны сумен жуып шайыңыз. Солай қалдырған жағдайда, көз
қызаруы немесе сəл қабынуы мүмкін. Нашарлаған жағдайда дəрігермен кеңесіңіз.
Егер сия ауызға тисе, түкіріп тастап дəрігерге
дереу жолығыңыз.
Сия картриджін ауыстырғанда көзге тигізіп алудан абай болыңыз.
Сия картриджін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Сия кеуіп кетуінің алдын алыңыз.
Сия картриджін ШАЙҚАМАҢЫЗ. Картриджі шайқаған жағдайда, сия ағып кетуі мүмкін.
Сия картриджін БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ. Сия көзге не теріге тиіп кетуі мүмкін.
Принтер қағазының қырын қолмен СИПАМАҢЫЗ.
Қағаздың өткір қырлары жарақаттауы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ
Қуаттың өшуі өнім жадындағы мəліметтерді жоюы мүмкін.
Бұл өнімді ірі үй техникасы немесе жұмыс істеу үшін көп қуатты талап ететін басқа
жабдық қосылған желідегі электр розеткасына ҚОСПАҢЫЗ. Бұл өнімді басқа
өнім(дер)мен бірге қолдану кернеуді ұлғайтып, автоматты өшіру құралының өшуіне
немесе сақтандырғыштың жанып кетуіне əкелуі мүмкін.
Шынайы сия
картридждерін ғана қолдануға кеңес береміз.
Шынайы емес сияны қолдану нəтижесінде басып шығару басы зақымдалып, түстердің
өзгеруі жəне басып шығару сапасы нашарлауы мүмкін.