Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы 1 MFC-J2320/J2720 Brother Industries, Ltd. 15-1, Naeshiro-cho, Mizuho-ku, Nagoya 467-8561, Жапония Өнімді пайдаланбас бұрын немесе кез келген техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын осы кітапшаны оқыңыз. Бұл нұсқауларды орындамау өрттің пайда болу, ток соғу, күю немесе тұншығу қаупін күшейтуі мүмкін. Brother компаниясы иеленушінің осы нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларды орындамауынан туындаған зиян үшін жауапты болмайды.
Құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер Келесі таңбалар мен шартты белгілер құжаттамада пайдаланылған. Өнімде белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТУ ЕСКЕРТУ белгісі алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді. Қалың шрифт Қалың шрифт компьютер экранындағы түймешіктерді көрсетеді. Курсив Курсив шрифті маңызды нəрсені ерекшелейді немесе қатысты тақырыпқа сілтеме береді.
Жинақтау жəне жариялау туралы ескертпе 1 Бұл өнімнің нұсқаулығы жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігінің мəліметтерін қамтамасыз ету үшін жинақталған жəне жарияланған. Бұл нұсқаулықта қамтылған мəліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Ең соңғы нұсқаулықты алу үшін http://support.brother.com сайтына кіріңіз. Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз 1 ЕСКЕРТУ Температура 10 C жəне 35 C аралығында, ал ылғалдылығы 20% - 80% (конденсациясыз) болатын орынды таңдаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Өнімді үстел сияқты діріл жəне соққы болмайтын тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Өнімді телефон розеткасының жəне жерге тұйықталған кəдімгі электр розеткасының жанына қойыңыз. Өнім үстіне ауыр заттарды ҚОЙМАҢЫЗ. Өнімді əсіресе оның жанында балалар болып қалады деп ойласаңыз, оны тұрақсыз арбаның, бағананың не үстелдің үстіне ҚОЙМАҢЫЗ. Өнім ауыр болғандықтан, құлап кетуі мүмкін, ал бұл сіздің не өзгелердің жарақаттануына жəне өнімнің елеулі зақымдауына əкелуі мүмкін.
Жалпы сақтық шаралары 1 ЕСКЕРТУ Полиэтилен пакеттері өнімнің орамында пайдаланылған. Полиэтилен пакеттері ойыншықтар емес. Тұншығу қаупін болдырмау үшін бұл пакеттерді нəрестелер мен балалардан алыс ұстаңыз жəне тиісті түрде кəдеге жаратыңыз. Өнімді кез келген медициналық электр жабдықтың жанында ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнім шығаратын радио сəулелер медициналық электр жабдығын зақымдап, нəтижеде өнімді медициналық апатқа əкеп соқтыратындай етіп бұзуы мүмкін.
Жарақаттардың алдын алу үшін, саусақтарыңызды суреттерде көрсетілген аумақтарға қойған кезде абай болыңыз.
Науа өлшемін A3, Legal немесе Ledger өлшемінен бастапқы өлшеміне келтірген кезде жарақаттың алдын алу үшін науаның түбіндегі саңылауларға немесе ойықтарға саусағыңызды қысып алмаңыз. Суретте көлеңкеленген аумақты ҰСТАМАҢЫЗ. Себебі саусағыңызды өнімнің шеті кесіп кетіп, жарақатқа əкелуі мүмкін. Төмендегі суретте көрсетілген сұр түсті көлеңкеленген аумаққа салмақ түсірмеңіз немесе қысым жасамаңыз. Олай істеген жағдайда АҚБ түпқоймасы (1) кездейсоқ ашылып кетуі мүмкін.
Сканер қақпағын, тұрып қалған қағазды алу қақпағын, қолмен салу ұяшығының қақпағын немесе басқару тақтасын ұстап, өнімді ТАСЫМАҢЫЗ. Себебі өнім қолыңыздан тайып кетуі мүмкін. Қолыңызды өнімнің екі жағында орналасқан қолды тіреу кертіктеріне салып, өнімді тасыңыз.
Өнімді тасыған кезде науа A3, Legal немесе ledger өлшеміндегі қағазды алу үшін кеңейтілген болса, оны алып тастаңыз. Қағаздың салмағынан науа құлап, жарақатқа əкелуі мүмкін. Егер сия теріге, көзге не ауызға тисе, мына қадамдарды дереу орындаңыз: • Егер сия теріге тисе, оны сумен жəне сабынмен жуып жіберіңіз. • Егер сия көзге тисе, оны сумен жуып шайыңыз. Солай қалдырған жағдайда, көз қызаруы немесе сəл қабынуы мүмкін. Нашарлаған жағдайда дəрігермен кеңесіңіз.
Өнімді қауіпсіз қосу ЕСКЕРТУ Өнім ішінде жоғары кернеулі электродтар бар. Тазалау сияқты қалыпты қызмет көрсетуді қоса өнім ішін ашпас бұрын, қуат сымын электр розеткасынан, əрі телефон (RJ-11) немесе Ethernet кабельдерін өнімнен ажыратыңыз. Ашаны ылғал қолдармен ҰСТАМАҢЫЗ. Ашаның толық кіргенін əрқашан тексеріңіз. Ашаның, розетканың немесе өнімнің шаң болуына ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ. Бұл өнімді өз бетіңізбен жөндеуге ƏРЕКЕТТЕНБЕҢІЗ.
Аша немесе розетканың ішіне қандай да бір сұйықтықтың еніп кетуіне ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ. Егер су, басқа сұйықтық түрлері немесе метал заттар өнім ішіне түссе, өнімді электр розеткадан дереу ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз. Бұл өнімді техникалық сипаттамалар кестесінде көрсетілген ауқымға кіретін айнымалы ток көзіне қосу керек. Оны тұрақты ток қуат көзіне немесе түрлендіргішке қосуға БОЛМАЙДЫ.
Телефон желілерін орнатқан не өзгерткен кезде сақ болыңыз. Телефон желісі қабырға розеткасынан ажыратылмай, оқшаулауышпен оратылмаған телефон сымдарын немесе түйіспелерін ұстамаңыз. Телефон сымдарын найзағай кезінде орнатпаңыз. Телефонның қабырға розеткасын ешқашан ылғал жерге орнатпаңыз. Сым тозып кеткен жағдайда, өнімді не тұтқаны ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнімді розеткадан ажыратқан жағдайда, зақымдалған/тозған жерін қолмен ҰСТАМАҢЫЗ. Айнымалы ток көзінің қуат сымының ортасын ТАРТПАҢЫЗ.
Өнім кепілдігі жəне жауапкершілік 1 Бұл нұсқаулықтағы ақпараттың ешқандай бөлігі қолданыста бар өнім кепілдігіне əсер етпейді немесе ешқандай қосымша өнім кепілдігі ретінде қабылданбайды. Осы нұсқаулықтағы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өнімнің кепілдігін жарамсыз етуі мүмкін. ЕСКЕРТУ Бұл өнімге су ТИГІЗБЕҢІЗ. Бұл өнімді ванна, раковина, хауыз сияқты ақпайтын судың, тоңазытқыш сияқты суы бар құрылғылардың жанында не ылғал жертөледе қолданбаған жөн. Найзағай кезінде бұл өнімді пайдаланбаңыз.
Сəйкестік мəлімдемесі (Тек Еуропа) 1 Біз, Brother Industries Ltd. 15-1 Naeshiro-cho, Mizuho-ku, Nagoya 467-8561, Жапония, осы өнімнің Еуропа Одағы аумағында қолданылатын барлық тиісті директивалар мен ережелердің негізгі талаптарына сəйкес екенін мəлімдейміз. Сəйкестік мəлімдемесін (СМ) веб-сайтымыздан жүктеп алуға болады. http://support.brother.
Радио кедергісі 1 Бұл өнім EN55022 (CISPR 22 редакциясы)/B класы талаптарына сəйкес келеді. Өнімді компьютерге жалғаған кезде ұзындығы 2 метрден аспайтын USB кабелін пайдаланыңыз. Халықаралық ENERGY STAR® куəлік мəлімдемесі 1 Халықаралық ENERGY STAR® бағдарламасының мақсаты — қуат үнемдейтін кеңсе жабдығын əзірлеуді жəне жариялауды дамыту. ENERGY STAR® серіктесі ретінде Brother Industries, Ltd. компаниясы бұл өнімнің ENERGY STAR® қуат тиімділігі техникалық сипаттамаларына сай келетінін анықтады.
1 Декларація про відповідність (Ukrainian) вимогам Технічного регламенту обмеження використання деяких небезпечних речовин в електричному та електронному обладнанні (затвердженого Постановою №1057 Кабінету Міністрів України) Виріб відповідає вимогам Технічного Регламенту Обмеження Використання деяких Небезпечних Речовин в електричному та електронному обладнанні (ТР ОВНР). Вміст небезпечних речовин у випадках, не обумовлених в Додатку №2 ТР ОВНР: 1.
Сауда белгілері 1 BROTHER — Brother Industries, Ltd. сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі. Microsoft, Windows, Windows NT, Windows Vista, Windows Server, SharePoint, Internet Explorer, Outlook жəне PowerPoint — Microsoft корпорациясының сауда белгілері немесе Америка Құрама Штаттарындағы жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері. Apple, Macintosh, Mac OS, Safari, iPad, iPhone, iPod touch жəне OS X — Apple Inc.
Ашық бағдарламаның лицензиялау ескертпелері 1 Бұл өнім құрамында бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал бар. Ашық бағдарламаның лицензиялау ескертпелерін қарау үшін http://support.brother.com сайтындағы Brother Solutions Center негізгі парағындағы үлгіңіз бойынша қолмен жүктеп алуды таңдап алыңыз. Авторлық құқық жəне лицензия 1 ©2014 Brother Industries, Ltd. Барлық құқықтары қорғалған. Бұл өнім құрамында мына өндірушілер жасақтаған бағдарламалық жасақтама бар: ©1983-1998 PACIFIC SOFTWORKS, INC.
Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне 1 Тұтынушыларға қызметі көрсету 1 Жергілікті Brother кеңсесінің байланыс ақпаратын алу үшін http://www.brother.com сайтына кіріңіз. Қызмет көрсету орталықтары 1 Еліңіздегі қызмет орталықтары туралы ақпарат алу үшін жергілікті Brother кеңсесімен хабарласыңыз. Жергілікті кеңселердің мекенжайы жəне байланыс ақпараты туралы мəліметті еліңізді таңдау арқылы http://www.brother.com сайтында табуға болады.
www.brotherearth.