Product Safety Guide

Table Of Contents
11
Штепсельдің, розетканың немесе өнімнің шаң болуына ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ.
Бұл өнімді өз бетіңізбен жөндеуге ƏРЕКЕТТЕНБЕҢІЗ. Қақпақтарды ашу немесе шешу
қауіпті кернеулерге жəне өзге қауіптердің пайда болуына, сонымен қатар кепілдік күшінің
жоюына əкелуі мүмкін. Өніміңізді пайдалануда қандай да бір қиындық туындаса, Brother
тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз.
Штепсель немесе розетканың ішіне қандай да бір сұйықтықтың еніп кетуіне ЖОЛ
БЕРМЕҢІЗ.
Егер су, басқа сұйықтық түрлері немесе метал заттар өнім ішіне түссе, өнімді электр
розеткадан дереу ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті
Brother дилеріне хабарласыңыз.
Бұл өнімді техникалық сипаттамалар кестесінде көрсетілген ауқымға кіретін айнымалы
ток көзіне жалғау керек. Оны тұрақты ток қуат көзіне немесе түрлендіргішке жалғауға
БОЛМАЙДЫ. Егер қолда қандай қуат көзі бар екенін білмесеңіз, электр маманына
хабарласыңыз.
Қуат сымының қауіпсіздігі:
Қуат сымына ешнəрсе қоюға БОЛМАЙДЫ.
Бұл өнімді адамдар сымын басып өтетін жерге ҚОЙМАҢЫЗ.
Бұл өнімді сымы созылатын немесе сымға басқа да жүк түсетін орынға ҚОЙМАҢЫЗ.
Олай жасаған жағдайда сым тозып кетуі мүмкін.