Product Safety Guide
Table Of Contents
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
- Осы нұсқаулықты пайдалану әдісі:
- Құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
- Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
- Жалпы сақтық шаралары
- Өнімді қауіпсіз жалғау
- Өнімге қызмет көрсету
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік
- Рұқсаттар туралы ақпарат
- Сәйкестік мәлімдемесі (Тек Еуропа)
- 1999/5/EC (тек Еуропа) нөмірлі R&TTE директивасына сәйкестік мәлімдемесі (Радио интерфейстері бар үлгілерге қолданылады)
- Сымсыз LAN
- NFC (Тек NFC функциясы бар үлгілер)
- LAN байланысы (Сымды LAN функциясы бар модельдер ғана)
- Кеден одағының техникалық регламентінің
- Сауда белгілері
- Ашық бағдарламаның лицензиялау ескертпелері
- Авторлық құқық және лицензия
- Басқа ақпарат
- Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне
- Көшіру жабдығын заңсыз пайдалану
- brother KZH
12
Бұл өнім 3 сымды жерге тұйықталған штепсельмен жабдықталған. Бұл штепсель тек
жерге тұйықталған қуат шығысына сəйкес келеді. Бұл қауіпсіздік шарасы болып
табылады. Егер штепсельді розеткаға қоса алмасаңыз, ескі розетканы ауыстыру үшін
электр маманын шақырыңыз. Бірге жеткізілетін жерге тұйықталған штепсельді
көрсетілгеннен басқа розеткамен ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл электр тогының соғуына əкелуі
мүмкін.
Телефон желілерін орнатқан не өзгерткен кезде сақ болыңыз.
Телефон желісі қабырға розеткасынан ажыратылмай, оқшаулауышпен оратылмаған
телефон сымдарын немесе түйіспелерін ұстамаңыз. Телефон сымдарын найзағай
кезінде орнатпаңыз. Телефонның қабырға розеткасын ешқашан ылғал жерге орнатпаңыз.
Сым тозып кеткен жағдайда, өнімді не тұтқаны ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнімді розеткадан
ажыратқан жағдайда, зақымдалған/тозған жерін қолмен ҰСТАМАҢЫЗ.
Айнымалы ток көзінің қуат сымының ортасын ТАРТПАҢЫЗ. Қуат сымына ешнəрсе қоюға
БОЛМАЙДЫ. Бұл өнімді адамдар сымын басуы мүмкін жерге ҚОЙМАҢЫЗ. Олай істеу ток
соғуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Brother компаниясы ұзартқыш сымның ешқандай түрін ПАЙДАЛАНБАУДЫ ұсынады.










