Product Safety Guide
Table Of Contents
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
- Осы нұсқаулықты пайдалану әдісі:
- Құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
- Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
- Жалпы сақтық шаралары
- Өнімді қауіпсіз жалғау
- Өнімге қызмет көрсету
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік
- Рұқсаттар туралы ақпарат
- Сәйкестік мәлімдемесі (Тек Еуропа)
- 1999/5/EC (тек Еуропа) нөмірлі R&TTE директивасына сәйкестік мәлімдемесі (Радио интерфейстері бар үлгілерге қолданылады)
- Сымсыз LAN
- NFC (Тек NFC функциясы бар үлгілер)
- LAN байланысы (Сымды LAN функциясы бар модельдер ғана)
- Кеден одағының техникалық регламентінің
- Сауда белгілері
- Ашық бағдарламаның лицензиялау ескертпелері
- Авторлық құқық және лицензия
- Басқа ақпарат
- Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне
- Көшіру жабдығын заңсыз пайдалану
- brother KZH
4
Өнімді химиялық заттардың жанына немесе үстіне химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге
ҚОЙМАҢЫЗ.
Химиялық заттар өнімге тисе, бұл өрт немесе электрлік ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе бензин, бояу еріткіші, лак өшіргіші
сияқты сұйықтықтар не дезодорант пластик жабынды жəне/немесе кабельдерді ерітіп
немесе бұзып, өрт не электрлік
ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, осы не басқа
химиялық заттар өнімді бұзуы, оның түсін кетіруі мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Өнімді үстел сияқты діріл жəне соққы болмайтын тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Өнімді
телефон розеткасының жəне жерге тұйықталған кəдімгі электр розеткасының жанына
қойыңыз.
Өнім үстіне ауыр заттарды ҚОЙМАҢЫЗ. Өнімді əсіресе оның жанында балалар болып
қалады деп ойласаңыз, оны тұрақсыз арбаның, бағананың не үстелдің үстіне
ҚОЙМАҢЫЗ. Өнім ауыр болғандықтан, құлап кетуі мүмкін, ал бұл сіздің не өзгелердің
жарақаттануына жəне өнімнің елеулі зақымдауына əкелуі мүмкін. Сканерлеу функциясы
бар өнімдерге қатысты сканер əйнегі сынған жағдайда қосымша жарақат
алу қаупі бар.
Өнімді көп адам болатын жерге қоймаңыз. Егер оны адам көп болатын жерге қою қажет
болса, оның нəтижесі сіздің не өзгелердің жарақаттауына жəне өнімді елеулі
зақымдауына себеп болмайтындай əрі кездейсоқ құлап кете алмайтындай қауіпсіз
орында тұрғанын тексеріңіз.
МАҢЫЗДЫ
• Өнімнің үстіне заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істемеген жағдайда, қызып кету қаупі
күшейіп, өнім бұзылуы мүмкін.
• Өнімнің алдына оның факс қабылдауына не беттерді басып шығаруына кедергі
келтіретіндей ештеңе ҚОЙМАҢЫЗ. Қабылданатын факстердің немесе басылып
шығатын беттердің жолына ештеңе ҚОЙМАҢЫЗ.
• Өнімді динамиктер немесе Brother компаниясының өнімі болып табылмайтын сымсыз
телефондар сияқты кедергі көздерінің
жанына ҚОЙМАҢЫЗ. Олай істеу өнімнің
электрондық бөліктерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
• Өнімді еңкейтілген/майысқан бетке ҚОЙМАҢЫЗ. Сия картридждері орнатылғаннан кейін
өнімді ТӨҢКЕРМЕҢІЗ. Бұл əрекет сияның ағып кетуіне жəне өнімнің ішкі бөліктерінің
зақымдалуына əкелуі мүмкін.










