Product Safety Guide

Table Of Contents
12
Өнімді қауіпсіз жалғау 1
ЕСКЕРТУ
Өнім ішінде жоғары кернеулі электродтар бар. Өнімнің ішін тазаламастан бұрын, телефон
желісінің сымын (тек MFC) жəне қуат сымын розеткадан ажыратқаныңызды тексеріңіз.
Олай істеу ток соғуды болдырмайды.
Ашаны розеткаға қосу немесе басу үшін АТ қуаты сымын ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ, ашадағы
саусақпен ұстайтын жерлерді пайдаланыңыз.
Ашаны ылғал қолмен ҰСТАМАҢЫЗ. Олай істеу ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Ашаның толық кіргенін əрқашан тексеріңіз.
Бұл өнім кернеу жапсырмасында көрсетілген ауқымдағы АТ қуат көзіне жалғануы керек.
Оны ТТ қуат көзіне немесе түрлендіргішке жалғауға БОЛМАЙДЫ. Сенімсіз болсаңыз,
білікті маманға хабарласыңыз.
Бұл өнім 3 сымды жерге қосылған ашамен жабдықталған. Бұл аша жерге қосылған қуат
көзіне ғана сəйкес келеді. Бұл қауіпсіздік шарасы болып табылады. Егер ашаны розеткаға
сала алмасаңыз, электр маманына хабарласып, ескі розетканы ауыстыртыңыз. Жерге
қосылған ашаның мақсатын АУЫСТЫРМАҢЫЗ.