Product Safety Guide

Table Of Contents
5
АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл өнім басып шығару кезінде біраз химиялық заттар бөліп шығарады жəне ұзақ уақыт
немесе нашар желдетілетін жерлерде пайдаланылса, озон сияқты жағымсыз газдар бөлуі
мүмкін. Оңтайлы жұмыс істеуі жəне қолайлы болуы үшін өнімді жақсы желдетілетін жерге
қойыңыз.
Өнімді бос емес жерге қоймаңыз. Егер оны бос емес жерге қою керек болса, өнімді кенет
құлап кетпейтіндей қауіпсіз орынға қойыңыз, себебі ол сізді немесе басқаларды
жарақаттауы жəне өнімге үлкен зиян келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, сүрініп кетпес үшін
сымдарды қауіпсіз орналастырыңыз.
Кейбір өнімдерде силикагельді қалта бар. Силикагельді қалтаны жеуге БОЛМАЙДЫ, оны
лақтырып тастаңыз. Оны жұтып қойсаңыз, дереу дəрігерге қаралыңыз.
Өнімнің үстіне ауыр заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ.
Өнімді үстел сияқты дірілдемейтін жəне соғылмайтын тегіс, тұрақты бетке қойыңыз.
Өнімді телефон розеткасына (тек MFC) жəне стандартты жерге қосылған электр
розеткасына жақын қойыңыз.
Осы өнімді қоса, бірнеше құрылғылар USB кабельдері арқылы компьютерге жалғанғанда,
өнімнің металл бөліктерін ұстағанда, электр зарядын сезуіңіз мүмкін.
МАҢЫЗДЫ
Өнімді қабырға қосқыштарымен немесе автоматты таймермен басқарылатын электр
розеткаларына немесе салқындатқыш, көшіру құралы, қағаз жою құралы, т.б. сияқты
қуат көзін үзуі мүмкін үлкен құрылғылар қосылған желіге жалғауға БОЛМАЙДЫ.
Өнімнің үстіне заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу өнімді бұзатын қатты қызу қаупін
арттыруы мүмкін.
Өнімді динамиктер немесе Brother компаниясының өнімі болып
табылмайтын сымсыз
телефондар сияқты кедергі көздерінің жанына қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу өнімнің
электрондық бөліктерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Қуаттың үзілуі өнім жадынан ақпаратты жоюы мүмкін.