Product Safety Guide

Table Of Contents
10
Өнім факстерді қабылдау үшін пайдаланылмаса жəне ұзақ уақыт қолданылмайтын болса,
оны розеткадан суырып қойыңыз.
Тонер картриджін бөлшектеуге БОЛМАЙДЫ. Егер тонер ұнтағы төгіліп кетсе, ол
деміңізбен кіріп кетпесін немесе теріңізге тимесін. Егер деміңізбен кірсе немесе теріңізге
тисе, мына сайттағы «Қауіпсіздік деректері» (SDS) бөлімін қараңыз:
http://sds.brother.co.jp/sdsapp/index.html
Тонер картриджін балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Егер тонер ұнтағын жұтып
қойсаңыз, бірден дəрігерге қаралып, мына сайттағы «Қауіпсіздік деректері» (SDS) бөлімін
қараңыз: http://sds.brother.co.jp/sdsapp/index.html
Тонер картриджі мен барабан бөлігі жинағын астына қойылған қағазы бар (тонер
абайсызда төгілген немесе шашыраған жағдайда қажет) таза, тегіс бетке орналастыруға
кеңес береміз. Тонер қолыңызға немесе киіміңізге шашылса, оны бірден салқын сумен
сүртіңіз немесе жуыңыз.
Бір жеріңізге тонер тиіп кеткен жағдайда мына нұсқауларды орындаңыз:
Деммен ішке жұту
Байқамай деміңізбен ішке енсе, дереу таза ауаға шығып, дəрігерге қаралыңыз.
Теріге тию
Бүлінген киімді бірден шешіп, тонер тиген теріні көбірек сумен немесе мүмкін болса,
сабынды сумен жуыңыз.
Көзге тию
Дəрігерге қаралыңыз. Тонер көздің ішіне кірсе, бірден көбірек сумен кемінде
15
минуттай жуыңыз.
Жұту
Бірден дəрігерге қаралыңыз. Ауызды сумен шайып, 200-300 мл су ішкізіңіз.
Өнімде пайдаланылған тонерлерге қатысты қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін
Қауіпсіздік деректерін (SDS) келесі сайттан оқуға болады:
http://sds.brother.co.jp/sdsapp/index.html