Quick Setup Guide
Table Of Contents
- ЖЫЛДАМ ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ E550W
КІРІСПЕ
14
Зарядталмалы литий-ионды батарея
• Сатып алған уақытта P-touch құрылғысын тексеру үшін зарядталмалы батарея аздап
зарядталған болады; дегенмен P-touch құрылғысын пайдаланардың алдында
зарядталмалы литий-ионды батареяны АТ адаптерімен толық зарядтау керек.
• Егер P-touch ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, қайта зарядталатын батареяны
P-touch құрылғысынан шығарып, статикалық тогы, ылғалдылығы немесе
температурасы жоғары емес (15 жəне 25 °C аралығындағы температуралар жəне
40-60 % аралығындағы ылғалдылық ұсынылады) жерде сақтаңыз. Зарядталмалы
батареяның тиімділігі мен пайдалану мерзімін сақтау үшін оны кемінде алты ай
сайын зарядтаңыз.
• Литий-ионды батареяны алғаш рет пайдаланған кезде қалыпты емес нəрсені
байқасаңыз, мысалы қызып кетуі немесе тоттанған болса, батареяны одан əрі
пайдалануға БОЛМАЙДЫ. Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
P-touch
• P-touch құрылғысын электромагниттік кедергілер тудыратын
құрылғылардың
жанында ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Теледидар, радио, қысқатолқынды пеш, т.б жанында
болса, P-touch құрылғысы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• P-touch құрылғысын басқаша немесе бұл нұсқаулықта сипатталмаған мақсатқа
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл шартты орындамау апат тудыруы немесе P-touch
құрылғысын зақымдауы мүмкін.
• Таспа шығатын саңылауға, АТ адаптерінің ұясына немесе P-touch құрылғысының кез
келген басқа бөлігіне бөгде заттар САЛМАҢЫЗ.
• Басып
шығару бастиегіне қолыңызды (9-бет бөлімін қараңыз) ТИГІЗБЕҢІЗ. Бастиекті
тазалаған кезде қосымша бастиекті тазалау кассетасын (TZe-CL4) немесе жұмсақ
шүберекті (мысалы, мақта оралған таяқшамен) пайдаланыңыз (Пайдаланушы
нұсқаулығын қараңыз).
• Спирт немесе басқа органикалық ерітінділермен P-touch құрылғысының кез келген
бөлігін тазалауға БОЛМАЙДЫ. Тек жұмсақ, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
• P-touch құрылғысын тікелей күн көзіне, жылытқыштардың не басқа қызу бөлетін
құрылғылардың жанына немесе өте жоғары не төмен температуралы жерге,
ылғалдылығы жоғары немесе шаң жерлерге ҚОЙМАҢЫЗ. P-touch құрылғысының
стандартты жұмыс істеу температурасы 10-35 °C аралығында болады.
• P-touch құрылғысының үстіне ұзақ уақытқа резеңке немесе винил немесе резеңкеден
не винилден жасалған өнімдерді ҚАЛДЫРМАҢЫЗ, əйтпесе, P-touch құрылғысында дақ
пайда болуы мүмкін.
• Қоршаған орта жағдайына жəне қолданылған параметрлерге байланысты кейбір
таңбалар мен белгілерді оқу қиын болуы мүмкін.
• P-touch құрылғысымен бірге Brother TZe таспаларын немесе HSe түтіктерін қолданыңыз.
• P-touch құрылғысын зақымдамау үшін кассетадағы таспаны тартуға немесе қатты
басуға БОЛМАЙДЫ.
• Бос таспалы кассетамен немесе P-touch құрылғысына таспалы кассетаны салмай,
жапсырмаларды басып ШЫҒАРМАҢЫЗ. Бұдан басып шығару бастиегі бүлінуі мүмкін.
• Басып шығарып немесе беріп жатқанда, таспаны кесуге ТЫРЫСПАҢЫЗ
, бұл
таспаны бүлдіруі мүмкін.
Жалпы сақтық шаралары