Quick Setup Guide
Table Of Contents
- ЖЫЛДАМ ОРНАТУ НҰСҚАУЛЫҒЫ E550W
ҚАЗАҚША
15
КІРІСПЕ
• Орынға, материалға жəне орта жағдайларына байланысты, жапсырма жабысып
немесе алынбай қалуы мүмкін жəне жапсырманың түсі өзгеруі немесе басқа заттарға
берілуі мүмкін.
• Таспалы кассетаны тікелей күн сəулесіне, температурасы не ылғалдылығы жоғары
жерге немесе шаңға шығаруға БОЛМАЙДЫ. Таспалы кассеталарды салқын, қараңғы
жерде сақтаңыз. Таспалы кассета бумасын ашқаннан кейін, оны көп уақыт өткізбей
пайдаланыңыз.
• Майлы немесе сулы сиямен жасалған белгілер жабыстырылған жапсырмадан көрініп
тұруы мүмкін. Белгілерді жасыру үшін бір-бірінің үстіне қойылған екі жапсырманы
немесе қоңыр түсті жапсырманы пайдаланыңыз.
• Жадқа сақталған деректер P-touch құрылғысының ақаулығына немесе оны жөндеуге
байланысты немесе батареяны пайдалану мерзімі біткенде өшіп қалады.
• Қуаттан екі минуттан аса уақытқа ажыратылғанда, барлық
мəтіндік жəне пішімдік
параметрлер өшіп қалады. Жадқа сақталған барлық мəтіндік файлдар да өшіріледі.
• Қорғаныш тазалағыш пластик стикер өндіру жəне тасымалдау барысында дисплейдің
үстіңгі жағына салынған. Бұл стикерді пайдаланардан бұрын алып тастау керек.
• Басып шығарылған жапсырманың ұзындығы дисплейдегі жапсырма ұзындығынан
басқаша болуы мүмкін.
• Осы үлгіде Heat Shrink Tube (Жылу сақтау түтігі) қолдануға да
болады.
Қосымша мəліметтерді алу үшін Brother веб-сайтын (http://www.brother.com/
)
қараңыз. Жақтауларды басып шығаруға, P-touch үлгілерін алдын ала орнатуға
немесе Heat Shrink Tube (Жылу сақтау түтігі) қолданған кезде белгілі қаріп
параметрлерін қолдануға болмайды. Басып шығарылған таңбалардың TZe таспасын
қолданған кезде кішірек болуы да мүмкін.
• P-touch Ni-MH зарядталмалы батареяларына арналған зарядтау мүмкіндігімен
жабдықталмаған.
• Басып шығарылған жапсырма СК дисплейге шыққан суреттен басқаша болуы мүмкін.
• Brother Industries, Ltd. компаниясы осы нұсқаулықтағы тізімде
берілген сақтық
шараларын орындамаудан болған өнімнің бұзылуына немесе зақымдалуына
жауапты болмайды.
• P-touch құрылғысын пайдаланбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқып
шығып, кейінгі уақытта қарау үшін жақын жерге алып қоюға кеңес береміз.
CD-ROM
• CD-ROM дискісін сызып алуға, оны өте жоғары не төмен температураларға
шығаруға, оның үстіне ауыр заттар қоюға немесе оны майыстыруға БОЛМАЙДЫ.
• CD-ROM
дискісіндегі бағдарламалық құрал P-touch құрылғысымен қолдануға
арналған жəне оны бірнеше компьютерге орнатуға болады.
Төмендегі таңбалар қосымша ақпаратты көрсету үшін осы нұсқаулықта пайдаланылады.
Нұсқаулықта қолданылған белгілер
:
Бұл таңба орындалмаған жағдайда зақымға не жарақатқа себеп болуы мүмкін
ақпаратты не нұсқауларды немесе нəтижесінде ақаулар пайда болатын
əрекеттерді көрсетеді.
:
Бұл таңба P-touch құрылғысын тиімдірек түсінуге жəне пайдалануға көмектесетін
ақпаратты немесе нұсқауларды көрсетеді.