Quick Setup Guide

Table Of Contents
ҚАЗАҚША
7
КІРІСПЕ
ҚАУІПТІ
Зарядталмалы литий-ионды батарея
Зарядталмалы литий-ионды батарея үшін келесі сақтық шараларын мұқият тесеріңіз
(төменде «зарядталмалы батарея» ретінде қарастырылады). Егер бұл сақтық шаралары
сақталмаса, батареяның қызып кетуі, сұйықтық ағуы немесе шытынауы нəтижесінде
қысқа тұйықталуы, жарылуы, түтіндеуі, өрт шығуы, ток соғуы, өзіңізді немесе басқа
адамды зақымдауы, не болмаса өнімді немесе басқа мүлікті
бүлдіруі мүмкін.
Зарядталмалы батареяны арналған
мақсатына ғана пайдаланыңыз.
P-touch тек осы зарядталмалы
батареямен жұмыс істеуге арналған.
Зарядталмалы батареяны басқа
P-touch құрылғысына немесе P-touch
құрылғысына басқа зарядталмалы
батареяны САЛМАҢЫЗ, əйтпесе өрт
немесе зақым келуі мүмкін.
Зарядтау үшін оны P-touch
құрылғысына салып, осы P-touch
құрылғысына арнайы жасалған
айнымалы ток адаптерін немесе көлік
адаптерін пайдаланыңыз.
Зарядталмалы батареяны
оттың
жанында немесе күн сəулесі түсетін
жерде зарядтауға БОЛМАЙДЫ. Бұл
қатты ыстықтан қауіптің алдын алуға
жасалған қорғаныс схемасын қосуы
мүмкін. Қорғаныш схемасының іске
қосылуынан зарядталудың тоқтауы,
қорғаныс схемасының ақаулығынан
артық токпен немесе кернеумен
зарядталуы не қайта зарядталатын
батареяда химиялық реакцияның
дұрыс жүрмеуі мүмкін.
Зарядталмалы батареяны
зарядтағанда, зарядталмалы
батареяға арнайы жасалған батарея
зарядтау құрылғысын ғана
пайдаланыңыз.
Сымдарды немесе басқа металл
заттарды зарядтамалы батареяның
ұштарына тигізуге БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяны алқа
немесе түйреуіш сияқты металл
заттармен бірге ұстауға БОЛМАЙДЫ.
Бұдан сымдар қысқаша тұйықталуы
жəне сымдар, алқалар немесе
түйреуіштер сияқты металл заттар
қызып кетуі мүмкін.
Зарядталмалы батареяны оттың,
қыздырғыштардың жанында немесе
басқа температурасы жоғары
(80 °C-тан
жоғары) жерлерде
пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяға су тигізуге
немесе оны суға салуға БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяны тұзды ауа,
тұзды су, қышқылдар, сілтілер,
коррозиялық газдар, химиялық
заттар немесе коррозиялық сұйықтық
сияқты коррозиялық орталарда
пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батарея зақымдалса
немесе сұйықтық ақса, оны
пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяның қосылған
жерлерін тікелей дəнекерлеуге
БОЛМАЙДЫ. Бұдан
ішкі изоляция
еруі, газ шығуы немесе қауіпсіздік
жүйесінің жұмыс істемеуі мүмкін.
Зарядталмалы батареяның
полюстерін (+) (-) керісінше салуға
БОЛМАЙДЫ. Зарядталмалы
батареяны салмастан бұрын,
оның бағытын тексеріңіз жəне
зарядталмалы батареяны P-touch
құрылғысына күштеп салмаңыз.
Керісінше полюспен салып,
зарядтаудан зарядталмалы
батареяда химиялық реакцияның
дұрыс жүрмеуі немесе зарядсыздану
кезінде ток ағынының дұрыс болмауы
мүмкін.
Зарядталмалы батареяны тұрмыстық
ток
көзіне тікелей жалғауға
БОЛМАЙДЫ.