Quick Setup Guide

Table Of Contents
КІРІСПЕ
8
Зарядталмалы литий-ионды батарея
P-touch құрылғысынан немесе
зарядталмалы батареядан
сұйықтықтың (электролиттің)
ағуы зарядталмалы батареяның
зақымдалғанын білдіруі мүмкін.
Егер зарядталмалы батареядан
сұйықтық ақса, дереу P-touch
құрылғысын қолдануды тоқтатып,
айнымалы ток адаптерін ажыратып,
P-touch құрылғысын оқшаулау үшін
қалтасына салыңыз.
Электролитке қолыңызды тигізуге
болмайды. Егер электролит көзіңізге
тисе, оны уқалауға болмайды. Бірден
ағын сумен немесе басқа таза сумен
шайып, дəрігерге қаралыңыз. Егер
көз ішінде қалып қойса, электролит
көзді зақымдауы мүмкін. Егер
электролит теріңізге немесе киіміңізге
тисе, оларды бірден сумен шайыңыз.
Зарядталмалы батареяны немесе
зарядталмалы батарея салынған
P-touch құрылғысын қысқатолқынды
пешке немесе қысымы жоғары
контейнерге салуға БОЛМАЙДЫ.
Таусылған зарядталмалы батареяны
ұзақ уақытқа P-touch құрылғысында
қалдыруға БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяны пайдалану
мерзімі қысқаруы
немесе батарея
қысқа тұйықталуы мүмкін.
Егер толық зарядталғанның өзінде
P-touch құрылғысын аз уақытқа ғана
пайдалана алатын болсаңыз,
зарядталмалы батареяның
пайдалану мерзімі аяқталған болуы
мүмкін. Зарядталмалы батареяны
жаңасымен ауыстырыңыз.
Зарядталмалы батареяны
шығарғанда жəне ауыстырғанда, ескі
зарядталмалы батареяның ұштарын
таспамен жауып, батареяның қысқа
мерзімге түйісуіне жол бермеңіз.
Зарядталмалы батареяны
бөлшектеуге, өзгертуге немесе
жөндеуге
əрекет жасауға
БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяны əдейі
қыздыруға немесе отқа тастауға
БОЛМАЙДЫ. Бұдан ішкі изоляция
еруі, газ шығуы немесе қауіпсіздік
жүйесінің жұмыс істемеуі мүмкін.
Бұған қоса, электролит жануы мүмкін.
Зарядталмалы батареяны қандайда
бір затпен тесуге, қатты соғуға
немесе лақтыруға БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяның
қорғаныш схемасы зақымдалса,
зарядталмалы батареяның дұрыс
токпен немесе кернеумен
зарядталмауы
не зарядталмалы
батареяда химиялық реакцияның
дұрыс жүрмеуі мүмкін.
Зарядталмалы батареяны жағуға
немесе оны тұрмыстық қалдықпен
бірге тастауға БОЛМАЙДЫ.
ҚАУІПТІ