Quick Setup Guide

Table Of Contents
ҚАЗАҚША
9
КІРІСПЕ
АБАЙЛАҢЫЗ
P-touch
Өрттің, ток соғуының, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттаудың жəне/немесе
P-touch құрылғысының немесе басқа мүліктің зақымдалуының алдын алу үшін осы
нұсқауларды орындаңыз.
P-touch құрылғысының
ылғалдануына мүмкіндік БЕРМЕҢІЗ
немесе ванна бөлмелері не
шұңғылша жаны сияқты ылғалдануы
мүмкін жерлерде P-touch құрылғысын
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Металл бөлшектерді басып шығару
бастиегінің жанында пайдалануға
БОЛМАЙДЫ. Басып шығару бастиегі
пайдалану кезінде
қатты қызады да
пайдаланғаннан кейін өте ыстық
болады. Оған қолыңызды тигізуге
болмайды.
P-touch құрылғысын
БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ.
P-touch құрылғысын тексеру, реттеу
жəне жөндеу үшін Brother
тұтынушыларды қолдау қызметіне
хабарласыңыз.
Пластик қалталар P-touch
құрылғысының орамында
пайдаланылған. Тұншығу қаупін
болдырмау үшін бұл қалталарды
нəрестелер мен балалардан алыс
ұстаңыз.
P-touch құрылғысын қолданған
немесе сақтаған кезде, P-touch
құрылғысының қызуын, қалыпсыз
иісті,
түсінің өзгеруін, пішімінің
өзгеруін немесе қандай да болмасын
басқа қалыпсыз нəрсені байқасаңыз,
дереу P-touch құрылғысын
қолдануды тоқтатыңыз, сосын
айнымалы ток адаптерін токтан
ажыратып, батареяларды алыңыз.
Бұзып алмау үшін P-touch
құрылғысын түсіріп алмаңыз немесе
қыздырмаңыз.
Ішіне бөгде заттар салып, P-touch құрылғысын ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. P-touch
құрылғысына су, металл зат немесе кез келген басқа зат кірсе, айнымалы ток
адаптерін
токтан ажыратып, батареяларды алыңыз, сосын Brother
тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
P-touch құрылғысын медициналық жабдық жаны сияқты арнайы жерлерде
пайдалануға болмайды. Электромагнитті толқындар медициналық жабдықтың
дұрыс жұмыс істеуіне əсер етуі мүмкін.
Кардиостимулятордың əдеттен тыс белгілері сезілсе, кардиостимуляторы бар
пайдаланушылар P-touch құрылғысынан алысырақ тұруы тиіс. Одан кейін дереу
медицина маманының кеңесіне жүгініңіз.