User's Guide

Қазақ
P750W
D01LMV001
Пайдаланушы нұсқаулығы
P-touch құрылғысын пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
Кейінірек қолдану үшін, бұл нұсқаулықты жақын жерде сақтаңыз.
Өрт шығу қаупіне, күйікке, ток соғуға, бұзуға, қатты қызуға,
жағымсыз иістерге немесе түтінге жол бермеу үшін, төмендегі
нұсқауларды орындаңыз.
Зақым келтірмеу немесе ақаулыққа жол бермеу үшін P-touch құрылғысына
əрдайым көрсетілген кернеуді жəне жинақпен берілген айнымалы ток
адаптерін (AD-E001) пайдаланыңыз.
Найзағай кезінде P-touch құрылғысын ұстамаңыз.
P-touch/айнымалы ток адаптерін жуынатын бөлмелер сияқты ылғалдылығы
жоғары жерлерде пайдаланбаңыз.
Электр сымына көп күш түсірмеңіз.
P-touch құрылғысына, қуат сымына немесе штепселіне ауыр зат қоймаңыз
немесе оны зақымдап алмаңыз. Электр сымын күштеп майыстырмаңыз не
тартпаңыз. Розеткадан ажыратқан кезде əрдайым айнымалы ток адаптерін
ұстап тұрыңыз.
Штепсельдің розеткаға толық салынғанын тексеріңіз. Дұрыс бекітілмеген
розетканы қолданбаңыз.
P-touch/айнымалы ток адаптерін/электр штепселін/батареяларды, мысалы,
су қолмен ұстап немесе оларға сусын төгіп ылғалдамаңыз.
P-touch құрылғысын/айнымалы ток адаптерін/батареяларды бөлшектемеңіз
немесе өзгертпеңіз.
Батареяның оң жəне теріс зарядты жақтарына металл зат тигізбеңіз.
Батареяларды ауыстыру үшін қысқыш немесе металл қалам сияқты үшкір
заттар пайдаланбаңыз.
Батареяларды отқа тастамаңыз немесе қызу көзіне жақындатпаңыз.
P-touch құрылғысын пайдаланғанда немесе сақтағанда жағымсыз иісті,
қызуды, түсінің, пішінінің өзгеруін немесе басқа да əдеттен тыс жағдайды
байқасаңыз, айнымалы ток адаптерін ажыратып, батареяларды бірден алып,
оны пайдалануды тоқтатыңыз.
Сұйықтық қолыңызға тиюі мүмкін болғандықтан, зақымдалған немесе сұйықтығы
аққан батареяны пайдаланбаңыз.
Пішіні өзгерген, сұйықтығы аққан немесе жапсырмасы бүлінген батареяны
пайдаланбаңыз. P-touch құрылғысын зақымдауы ықтимал.
Батареялардан аққан сұйықтық көзге тигеннен көрмей қалуыңыз мүмкін
болатындықтан, көзіңізді мол таза сумен дереу шайып, дəрігерге қаралыңыз.
Дене жарақатына, сұйықтықтың ағуына, күйікке немесе қызуға жол
бермеу үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
P-touch пайдаланылмайтын кезде, оны балалардың қолы жетпейтін жерге
сақтаңыз. Бұған қоса, балалардың ауыздарына P-touch құрылғысының
бөлшектерін немесе жапсырмаларын салғызбаңыз. Егер қандай да бір затын
жұтып қойса, дəрігерге қаралыңыз.
Басып шығарғаннан кейін баспа бастиегінің айналасындағы металл бөлшектерді
ұстамаңыз.
Кескіш пышағына тиіспеңіз. («P750W құрылғысын бумадан шығару жəне
бөлшектер сипаттамасы» бөлімін қараңыз.)
Егер батареялардан аққан сұйықтық теріге немесе киімге тисе, оларды дереу
таза сумен жуып, шайыңыз.
P-touch құрылғысын пайдаланғыңыз келмесе, батареяларын алып, айнымалы
ток адаптерін ажыратыңыз.
Көрсетілгеннен басқа батареяны пайдаланбаңыз. Ескі жəне жаңа батареяларды
бірге немесе əр түрлілерін, зарядтау деңгейлері əр түрлі, өндірушілері əр түрлі
немесе модельдері əр түрлі батареяларды бірге пайдаланбаңыз. Батареяның
оң жəне теріс зарядты жақтарын керісінше салмаңыз.
P-touch құрылғысын/айнымалы ток адаптерін түсіріп алмаңыз немесе соғып
алмаңыз.
Кассета қақпағын жапқанда, саусағыңызды P-touch құрылғысының ішінде
қалдырмаңыз.
Ni-MH зарядталмалы батареяларын пайдаланардан бұрын, батареялардың,
зарядтағыштың нұсқауларын мұқият оқып шығып, оларды дұрыс пайдаланыңыз.
Ni-MH зарядталмалы батареяларын пайдаланардың алдында, оларды арнайы
зарядтағышпен зарядтаңыз.
Саусағыңызды таспа шығатын слот ішіне салмаңыз. Кескіш пышағынан
жарақаттап алуыңыз мүмкін.
Орынға, материалға жəне орта жағдайларына байланысты, жапсырма жабысып
немесе алынбай қалуы мүмкін, жапсырманың түсі өзгеруі немесе басқа заттарға
берілуі мүмкін. Жапсырманы қолданардан бұрын орта жағдайлары мен
материалды тексеріңіз.
•P-touch құрылғысын басқаша немесе бұл нұсқаулықта сипатталмаған мақсатқа
пайдаланбаңыз. Бұл шартты орындамау апат тудыруы немесе P-touch
құрылғысын зақымдауы мүмкін.
P-touch
құрылғысына Brother TZe таспаларын пайдаланыңыз.
P-touch құрылғысын тазалауға жұмсақ, құрғақ шүберек қана пайдаланыңыз;
ешқашан спирт немесе басқа органикалық ерітінділер пайдаланбаңыз.
Баспа бастиегін тазалау үшін жұмсақ шүберек пайдаланыңыз; ешқашан баспа
бастиегіне саусағыңызды тигізбеңіз.
Таспа шығатын саңылауға, айнымалы ток адаптерінің ұясына немесе
батареясалғышқа, т.б. бөгде заттар салмаңыз.
•P-touch құрылғысын/батареяларды/айнымалы ток адаптерін тікелей күн көзіне
не жаңбырға, қыздырғыштардың не басқа ыстық құрылғылардың жанына, тым
жоғары не төмен температуралы орынға (мысалы, көліктің құралдар тақтасына
не артына) немесе ылғалдылығы жоғары немесе шаң жерлерге қоймаңыз.
Кассета бос болса, басып шығарушы болмаңыз; ол баспа бастиегін зақымдайды.
Басып шығарып немесе беріп жатқанда таспаны тартпаңыз; ол таспа мен
P-touch құрылғысын зақымдайды.
Жадқа сақталған деректер P-touch құрылғысының ақаулығына немесе оны
жөндеуге байланысты немесе батареяны пайдалану мерзімі біткенде өшіп
қалады.
P-touch зарядталмалы батареяларға арналған зарядтау мүмкіндігімен
жабдықталмаған.
Басып шығарылған жапсырманың ұзындығы компьютерде көрсетілген
жапсырма ұзындығынан басқаша болуы мүмкін.
Өндіру жəне тасымалдау барысында жоғарғы панельдің үстіңгі жағын қорғау
үшін мөлдір пластик стикер
қолданылады. Бұл стикерді пайдаланардан бұрын
алып тастау керек.
Жапсырманың бірнеше көшірмесін басып шығарғанда немесе принтердің
нөмірлеу функциясын пайдаланғанда, P-touch құрылғысы таспалы
кассетаның аяқталғанын анықтамай, жұмысын жалғастыра береді.
Жылу қысқартқыш түтікшені (Heat Shrink Tube) пайдаланғанда, басып шығару
аймағы қалыпты таспаны қолданғанға қарағанда кіші болады.
Арнайы қолданбаны орнатпастан NFC функциясын пайдаланып мобильді
құрылғы P-touch құрылғысымен қосылған болса, Google Play қызметінің Apps
(Қолданбалар) бөлімі мобильді құрылғының экранында автоматты түрде
көрсетілуі мүмкін.
Осы қызмет үшін байланыс ақысы алынуы мүмкін.
Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілері
Бұл өнімде бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал бар.
Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілерін қарау үшін, төмендегі мекенжай
бойынша Brother Solutions Center веб-торабындағы үлгінің басты бетінен
нұсқаулықты жүктеп алу бетіне өтіңіз: http://support.brother.com/
Кеден одағының техникалық регламентi
Сауда белгілері мен авторлық құқықтары
BROTHER — Brother Industries, Ltd компаниясының сауда белгісі немесе
тіркелген сауда белгісі.
P-TOUCH — Brother Industries, Ltd компаниясының сауда белгісі немесе
тіркелген сауда белгісі.
Microsoft, Windows Vista, Windows Server жəне Windows — Microsoft
корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы жəне/немесе басқа
елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
Apple, Macintosh, Mac OS, iPhone, iPad жəне iPod — Apple Inc. компаниясының
Америка Құрама Штаттарында жəне басқа елдерде тіркелген сауда белгілері.
Осы құжатта қолданылған басқа бағдарламалық құрал немесе өнім атаулары
оларды əзірлеген тиісті компаниялардың сауда белгісі немесе тіркелген сауда
белгісі.
Wi-Fi жəне Wi-Fi Alliance — Wi-Fi Alliance компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Осы нұсқаулықтағы бағдарламалық құралының атауы көрсетілген əрбір
компанияда өзінің меншіктік бағдарламаларына сай, «Бағдарламалық құралдың
лицензиялық келісімі» бар.
Brother өнімдерінде қатысты құжаттарда жəне басқа нұсқаулықтарда көрсетілген
компаниялардың барлық сауда белгілері мен өнім атауларының барлығы
олардың тиісті компанияларының сауда белгілері немесе тіркелген сауда
белгілері болып табылады.
*1
Жинаққа кірмейді.
*2
Ұсынылған батареялар туралы ең соңғы ақпарат алу үшін біздің
http://support.brother.com/
сайтымызға кіріңіз.
Ең соңғы үйлесімді операциялық жүйелер туралы ақпаратты
Brother Solutions Center (http://support.brother.com/
) орталығынан қараңыз.
Cақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа
əкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТУ
Алдын алмаған жағдайда жеңіл немесе орташа жарақатқа
алып келуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
Жалпы сақтық шаралары
ЕСКЕРТУ
БАСҚА БАТАРЕЯ ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛСА, ЖАРЫЛУ ҚАУПІ БАР.
ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА САЙ ТАСТАҢЫЗ.
Техникалық сипаттамалары
Өнімнің техникалық
сипаттамалары
Өлшемдері (Е × Қ × Ұ) Шамамен 78 мм (Е) × 152 мм (Қ) × 143 мм (Ұ)
Салмағы Шамамен 800 г (батареяларсыз жəне таспалы
кассетасыз)
Ток кернеуі Айнымалы ток адаптері (AD-E001)
Зарядталмалы литий ионды батарея (BA-E001)
Алты «AA» сілтілі батареясы (LR6)
*1
Алты зарядталмалы «AA» Ni-MH батареясы (HR6)
*1, *2
Аксессуарлар
Таспалы кассета Brother TZe таспасы (ені)
3,5 мм, 6 мм, 9 мм, 12 мм, 18 мм, 24 мм
Айнымалы ток адаптері AD-E001
Зарядталмалы литий ионды
батарея
BA-E001

Summary of content (4 pages)