Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы QL-800/QL-810W/QL-820NWB Жапсырма принтері QL-800/QL-810W/QL-820NWB Өнімді қолданбас бұрын, нұсқаулықты толық оқып шығыңыз жəне кейін пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Кіріспе Қазақша QL-800/QL-810W/QL-820NWB (бұдан кейін «QL жапсырма принтері» деп аталады) құрылғысын сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығын (осы нұсқаулық) жəне Жылдам орнату нұсқаулығын (басып шығарылған) қоса QL жапсырма принтерімен берілген құжат қолдану кезіндегі сақтық шараларын қамтиды. Бағдарламалық құрал жəне принтерді желіде пайдалану туралы ақпаратты Brother Solutions Center орталығындағы Пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Принтерді қауіпсіз пайдалану Егер принтер дұрыс істемесе, оны пайдалануды бірден тоқтатып, Brother дилеріне хабарласыңыз. Бұл құжатта пайдаланылған таңбалар Осы құжатта төмендегі таңбалар пайдаланылады: ҚАУІПТІ Ескертулер мен нұсқауларды сақтамастан өнімді қолданған жағдайда, адам өліміне немесе ауыр жарақатқа алып келетін аса қауіпті жағдайды білдіреді.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары Қазақша ҚАУІПТІ Батарея блогі (Зарядталмалы литий ионды батарея қамтылған) (Қосымша: тек QL-810W/820NWB) Таусылған батарея блогін ұзақ уақытқа принтерде қалдыруға БОЛМАЙДЫ. Мұның батарея блогінің қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін. Батарея блогін оттың, қыздырғыштардың жанында немесе басқа температурасы жоғары (80 °C жоғары) жерлерде пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
АБАЙЛАҢЫЗ Батарея блогін бөлшектеуге немесе өзгертуге БОЛМАЙДЫ, əйтпесе оның қысқа тұйықталуы, жарылуы, түтіндеуі, өрт шығуы, ток соғуы, сізді немесе басқа адамды зақымдауы, не болмаса өнімді немесе басқа мүлікті бүлдіруі мүмкін. Қызмет көрсету, реттеу немесе жөндеу жұмыстары бойынша Brother тұтынушыларға қолдау қызметіне немесе жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз. (Пайдаланушы тарапынан жүргізілген бөлшектеуден немесе өзгертуден туындаған жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
Қазақша АБАЙЛАҢЫЗ Айнымалы ток адаптері/айнымалы ток қуат сымы (Айнымалы ток адаптері тек QL-810W/820NWB құрылғысымен пайдалануға арналған) Сұйықтарды немесе металл заттарды қуат сымының штепселіне, айнымалы ток адаптеріне немесе айнымалы ток қуат сымына тигізуге БОЛМАЙДЫ. Бұған қоса, қуат сымы штепселін, айнымалы ток адаптерін немесе айнымалы ток қуат сымын ылғалдануы мүмкін жерде пайдалануға БОЛМАЙДЫ, əйтпесе өрт, түтін шығуы, қызып кетуі немесе ток соғуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ Тазалау сияқты принтерге күтім жасау жұмыстарын жасамастан бұрын айнымалы ток адаптерін/айнымалы ток қуат сымын электр розеткасынан ажыратыңыз, əйтпесе ток соғуы мүмкін. Егер принтер ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, айнымалы ток адаптерін/айнымалы ток қуат сымын қауіпсіздік себептері үшін принтер мен розеткадан ажыратып қойыңыз. Ток көздеріне шамадан тыс күш салуға немесе бірнеше құрылғыны бір электр розеткаға қосуға БОЛМАЙДЫ. Өрт шығу, ток соғу жəне зақымдау қаупі бар.
МАҢЫЗДЫ Жалпы сақтық шаралары Принтер Bluetooth функциясы жəне сымсыз жергілікті желі функциясы қосылған болса, байланыс жылдамдығының радио толқыны кедергісіне байланысты төмендеуі мүмкін. Бұл орын алса, қолданылмайтын функцияны өшіріп қойыңыз (Bluetooth функциясы немесе сымсыз жергілікті желі функциясы). Жапсырма шығатын ұяны, айнымалы ток ұясын немесе USB портын жабуға немесе оған бөтен заттар салуға БОЛМАЙДЫ. Көп уақыт пайдаланылмаған кезде, DK білігін принтерден алып қойыңыз.
Жинақтау жəне жариялау туралы ескерту Brother Industries, Ltd. компаниясының қадағалауымен бұл нұсқаулық соңғы өнім туралы сипаттамалар мен спецификацияларды қамтитын етіп жинақталған жəне жарияланған. Осы нұсқаулықтағы мазмұн мен осы өнім туралы спецификациялар ескертусіз өзгертіледі. Принтердің операциялық жүйесінің жаңа нұсқалары бар болса, бұл нұсқаулық жаңартылған мүмкіндіктерді қамтымауы мүмкін.
Қазақша Ашық лицензиялық шарт белгілері (QL-810W/820NWB) Бұл өнімде бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал бар. Бастапқы коды ашық лицензиялау белгілерін көру үшін мына мекенжай бойынша Brother Solutions Center веб-сайтындағы үлгінің басты бетінен нұсқаулықты жүктеп алу бетіне өтіңіз: support.brother.com QL-800/QL-810W/QL-820NWB ережелері ЕСКЕРТУ (тек 810W/820NWB) БАСҚА БАТАРЕЯ ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛСА, ЖАРЫЛУ ҚАУПІ БАР. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА САЙ ТАСТАҢЫЗ.
Кедендік Одақтың техникалық ережелері Сымсыз байланыс (тек QL-810W/820NWB үлгілерінде) Бұл өнімді сымсыз жергілікті желіге қосуға болады*. * Ғимарат ішінде қолдануға арналған.
D00TWH001