Instruction Manual

186
START/STOP түймесін басыңыз. READY
(Дайын) хабары көрінген кезде, баялдыны
төменгі плитаға салып, жұмсарғанша
шамамен 8-10 мин. пісіріңіз.
Баялдыны ірі тіліктерге турап, рикотта,
қыша, туралған ақжелкен, бір шымшым
тұз, бір шымшым бұрыш және май қосып,
миксерге салыңыз. Біркелкі және майда
қоспа алу үшін араластырыңыз. Нанды
тіліктеп турап, зәйтүн майымен майлаңыз
да, CONTACT GRILL игізіп отқа қақтау)
режимінде плиталарда 230°C-та талғамға
сай қызарғанша 1-2 минут пісіріңіз.
Баялды кремін күйдірілген нан тіліктеріне
жағып, екі десерт қасық майды сепкілеп,
үстелге ұсыныңыз.
ЕТ, ЕГІСТІК ҚЫШАТҮСІ (РУККОЛА) ЖӘНЕ
ЧЕРРИ ҚЫЗАНАҒЫ ҚОСЫЛҒАН САЛАТ
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 2 бұзау еті кесегі
- 100 г егістік қышатүсі (руккола)
- 10-12 дана черри қызанағы
- 100 г грана сырының үгітінділері
- талғамға сай мөлшердегі тұз
- талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы
ДАЙЫНДАУ:
Егістік қышатүсі және черри қызанағы
салатын дайындау: егістік қышатүсін жуып,
таза шүберекке кептіру үшін қоя тұрыңыз
да, черри қызанақтарын төрт бөлікке бөліп
тураңыз. Төменгі корпусқа қырлы плитаны
және тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау
плитасын CONTACT GRILL игізіп отқа
қақтау) режиміне қойыңыз.
Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы
тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау
плитасын алдын ала қыздыру үшін START/
STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын)
хабары көрінген кезде, алдыңғы майланған
бұзау еті тіліктерін салып, жоғарғы плитаны
басыңыз да, талғамға қарай 2-3 мин. пісіріңіз.
Етті тал-тал етіп турап, егістік қышатүсі мен
черри қызанағы үстіне реттеп қойыңыз,
талғамға қарай тұздап, грана сырының
үгітіндісін қосыңыз. Дәм үшін аз ғана май
қосыңыз.
КОФЕ ДӘМІНЕ ҰҚСАС ҚАБЫРҒА СТЕЙКТЕР
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- етті қабырғалар (әрқайсысы 2 x 250 г)
- зәйтүн майы
КОФЕ ҚОСПАСЫ ҮШІН:
- 2 шәй қасық зире тұқымы
- 2 шәй қасық кофе дәні
- 1 десерт қасық жартылай ащы қызыл
бұрыш
- 1 шәй қасық паприка
- 1 шәй қасық ірі ас тұзы
- 1 шәй қасық бұрыш
ДАЙЫНДАУ:
Кофе қоспасын дайындау: зире тұқымдары
мен кофе дәндерін блендерге салып, ұнтақ
болғанша тартыңыз (өте ұсақ емес). Ұнтақты
ыдысқа салыңыз, басқа ингредиенттерді
қосып, жақсылап араластырыңыз. Етті
аздап майлап, дәмдеуіштер қосып, бөлме
температурасында 30 мин бетін жауып
қойыңыз. Қырлы плитаны төменге енгізіп,
тегіс плитаны жоғарыға енгізіңіз де, отқа
қақтау плитасын CONTACT GRILL (Тигізіп отқа
қақтау) режиміне қойыңыз.
Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы
тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау
плитасын алдын ала қыздыру үшін START/
STOP түймесін және әрбір плитаның SEAR
(Кептіру) түймесін басыңыз.
Дисплейде SEAR (Кептіру) жазуы
жыпылықтауын тоқтатқан кезде, етті
төменгі плитаға қойып, жоғарғы плитаны
басыңыз да, талғамға сай етіп 6-8 мин.
пісіріңіз. Ыстық күйінде беріңіз.
САҢЫРАУҚҰЛАҚ СОУСЫ ҚОСЫЛҒАН СИЫР
ЕТІ
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 4 кесек сиыр еті (сүйексіз)
- талғамға сай мөлшердегі тұз
- талғамға сай уатылған түйіршік
қарабұрыш
- 2 түйір сарымсақ
- 2 десерт қасық Дижон қышасы
- 60 г сары май
- талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы