Instruction Manual

170
- Құрылғыны балалардың қолдары
жететін жерде немесе пайдаланылып
жатқан кезде қараусыз қалдырмаңыз.
- Құрылғыны ешқашан пісіру плитасынсыз
пайдаланбаңыз.
- Құрылғыны жинап қоймас бұрын оның
толық салқындағанын күтіңіз.
- Құрылғыны қолдану барысында
жылжытпаңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
- Құрылғы қолданып жатқан
кезде, оның сырты беттері өте
ыстық болуы мүмкін. Қажет
болса әрқашан тұтқаны (2)
немесе ас пісіру қолғабын
пайдаланыңыз.
- Құрылғы толық салқындаған кезде пісіру
плиталарын ешқашан алмаңыз немесе
ауыстырмаңыз.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған
ұсыныстарды және маңызды ақпаратты
білдіреді.
- Өрт қаупінің алдын алу үшін тамақты
полиэтилен қабықшамен, жұқа
фольгамен немесе полиэтилен
қалталармен орап пісірмеңіз.
Бұл құрылғы тағам тиетін материалдар
мен керек-жарақтарға қатысты ЕО-тың
1935/2004 ережесіне сай.
СИПАТТАМА
1. Негізгі бөлік және жапқыш: өздігінен
реттелетін жапқышы бар мықты тот
баспайтын болаттан жасалған құрылым.
2. Тұтқа: жоғарғы плитаны/жапқышты
тамақтың қалыңдығына сай реттейтін
қатты құйма металдан жасалған тұтқа.
3. Плиталарды босату түймелері: плитаны
босату және шығару үшін басыңыз.
4. Отқа қақтау плитасын бекіту/босату
құралы
5. Ілгекті босату тетігі: жалпақ бағытта
тамақ пісіру үшін құрылғыны толық
ашып қоюға мүмкіндік береді.
6. Қыздыруды реттеу тетігі: жоғарғы
плитаны/жапқышты тиісті биіктікке
реттеуге, престеуді қажет етпейтін
тағамды дайындауға арналған.
7. ON (Қосу) шамы.
8. Start/stop (Бастау/тоқтату) түймесі.
9. t уақыт түймесі: пісіру уақытын реттеуге
(азайтуға) арналған.
10. s уақыт түймесі: пісіру уақытын реттеуге
(көбейтуге) арналған.
11. Төменгі плитаны "кептіру" түймесі.
12. Төменгі плита термостатының тетігі:
температураны 60°C-тан 230°C-қа дейін
реттеуге немесе төменгі плитаны өшіруге
арналған.
13. Жоғарғы плитаны "кептіру" түймесі.
14. Жоғарғы плита термостатының тетігі:
температураны 60°C-тан 230°C-қа дейін
реттеуге немесе жоғарғы плитаны
өшіруге арналған.
15. Алынбалы плиталар: тамақ жабыспайды,
ыдыс-аяқ жуғышта жууға болады, оңай
тазаланады. ПЛИТАЛАР САНЫ МЕН ТҮРІ
ҮЛГІГЕ ҚАРАЙ ӘР ТҮРЛІ БОЛУЫ МҮМКІН.
15a.Отқа қақтау плиталары: стейкті,
гамбургерді, тауық етін және көкөністерді
қуаруға өте ыңғайлы.
15b.Шұңғыл плиталар: керемет құймақ,
жұмыртқа, бекон және шаянтектестерді
дайындауға арналған.
16. Май жинау науасы: құрылғыға
біріктірілген және оңай тазалау үшін
алынады.
17. Тазалау құралы: плиталарды пайдаланып
болған соң тазалауға көмектеседі.
БІРІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНУ
Плитадан барлық орам материалдары
мен жапсырмаларды алыңыз. Орам
материалдарын тастамас бұрын,
жаңа құрылғының барлық бөліктерін
шығарғаныңызға көз жеткізіңіз. Біз қорап
пен орам материалдарын болашақта қайта
пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынамыз.
Ескеріңіз: Пайдаланбас бұрын, негізгі