Instruction Manual
188
БАЛЬЗАМДЫ СІРКЕ СУЫ МЕН ГҮЛШЕТЕН
ҚОСЫЛҒАН ҚОЗЫ ЕТІ КОТЛЕТТЕРІ
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 6 қозы еті котлеті
- 10 г туралған гүлшетен (розмарин)
- 10 г туралған сарымсақ (чеснок)
- 100 мл бальзамды сірке суы
- 15 г қант
- талғамға сай мөлшердегі тұз
- талғамға сай мөлшердегі бұрыш
ДАЙЫНДАУ:
Барлық ингредиенттерді жеткілікті үлкен
ыдысқа салып араластырыңыз, қозы етінің
бетін жауып, тоңазытқышқа 1-2 сағатқа
бұқтырып қойыңыз. Төменге қырлы
плитаны және жоғарыға тегіс плитаны
енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACT
GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне
қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 230°C-
қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа
қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін
START/STOP түймесін басыңыз. READY
(Дайын) хабары көрінген кезде, котлеттерді
төменгі плитаға қойыңыз. Талғамға және
котлеттердің қалыңдығына сай шамамен 11-
13 мин. пісіріңіз (оларды пісіру барысында
жартылай аударып отырған жөн, себебі
сүйек еттің жоғарғы тиюіне кедергі болады).
Сол арада бұқтыру соусын табаға азайтып
құйып, отқа қақталған қозы еті котлеттеріне
соус ретінде құйып, үстелге ұсыныңыз.
БАЛ ЖӘНЕ ЛАЙМ КРЕМІ ҚОСЫЛҒАН
ТАУЫҚ ЕТІ КӘУАБЫ
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 500 г тауық төс еті
БҰҚТЫРМА СОУС ИНГРЕДИЕНТТЕРІ:
- 1 шәй қасық қызыл бұрыш
- 1 шәй қасық күнзе (кориандр)
- 10 сл зәйтүн майы
- 2 көк жуа
- 3 түйір сарымсақ
- 1 десерт қасық уатылған зімбір
- 1 десерт қасық қант
- 1 десерт қасық лайм шырыны
- 1 десерт қасық ірі ас тұзы
- талғамға сай мөлшердегі бұрыш
БАЛ ЖӘНЕ ЛАЙМ КРЕМІНІҢ
ИНГРЕДИЕНТТЕРІ:
- 5 сл пісіру кремі
- 1/2 шәй қасық уатылған лайм қабығы
- 1 десерт қасық лайм шырыны
- 1 десерт қасық зәйтүн майы
- 1 десерт қасық бал
- талғамға сай мөлшердегі тұз
ДАЙЫНДАУ:
Бұқтыру соусын (маринад) дайындау: барлық
ингредиенттерді блендерге салып, біркелкі
қоспа болғанша тартыңыз. Жалпақтығы 2
см текшелерге туралған тауық еті кесектерін
шұңғыл плитаға қойып, бұқтыру соусын
қосыңыз және барлық тауық етін біркелкі
батырыңыз. Тағам жабу үлдірімен жауып,
1-2 сағат бұқтырып қойыңыз. Кремді барлық
ингредиенттерді ыдыста араластырып
дайындап, мөлдір үлдірмен жабыңыз және
тоңазытқышқа салып қойыңыз. Тауық етінің
кесектерін кәуап шампурларына тізіңіз.
Төменге қырлы плитаны және жоғарыға
тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын
CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне
қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 230°C-
қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа
қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін
START/STOP түймесін басыңыз. READY
(Дайын) хабары көрінген кезде, кәуаптарды
төменгі плитаға салып, жоғарғы плитамен
басыңыз да, бір не екі рет аудару арқылы 11-
13 мин. пісіріңіз. Лайм және бал соусымен
бірге ыстық күйінде берілуі керек.
ПРОВАНСТЫҚ СТИЛЬДЕГІ ТАУЫҚ
ЖАМБАСТАРЫ
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 3 тауық жамбасы (550 г)
БҰҚТЫРМА СОУС ИНГРЕДИЕНТТЕРІ:
- 25 сл құрғақ ақ шарап
- 4 десерт қасық зәйтүн майы
- 3 десерт қасық тұқымы бар қыша
- 3 десерт қасық ақ шарап сірке суы
- 2 десерт қасық прованстық шөптер
- 2 түйір туралған сарымсақ
- 2 шәй қасық ірі ас тұзы
- 1 шәй қасық кайен қызыл бұрышы