Instruction Manual

189
ДАЙЫНДАУ:
Бұқтыру соусын (маринад) барлық
ингредиенттерді бір ыдыста араластыру
арқылы дайындаңыз. Өткір пышақпен
тауық жамбастарының етті бөлігін аздап
қақтап тіліңіз. Жамбастарды бұқтырма
соус құйылған ыдысқа салып, барлық
жағына жағылатындай етіп аударыңыз: 2-3
сағатқа бұқтырып қойыңыз. Төменге қырлы
плитаны және жоғарыға тегіс плитаны
енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACT GRILL
игізіп отқа қақтау) режиміне қойыңыз.
Төменгі термостат тетігін 210°C-қа, жоғарғы
тетікті 210°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау
плитасын алдын ала қыздыру үшін START/
STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын)
хабары көрінген кезде, тауық жамбастарын
төменгі плитаға салып, жоғарғы плитамен
басыңыз да, 2-3 рет аудару арқылы 20-25
мин. пісіріңіз. Піскен кезде плитаға қойып
берілуі керек.
ОТҚА ҚАҚТАЛҒАН АСШАЯНДАР
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 16/20 асшаян
БҰҚТЫРМА СОУС ИНГРЕДИЕНТТЕРІ:
- талғамға сай мөлшердегі ақжелкен
- 2 лимон
- талғамға сай мөлшердегі тұз
- талғамға сай мөлшердегі бұрыш
- 2 түйір сарымсақ
ДАЙЫНДАУ:
Бұқтыру соусын дайындау: сарымсақ пен
ақжелкенді ұсақтап турап, лимон шырынын,
тұз қосыңыз да, қара бұрыш себіңіз.
Асшаяндарын жуып, жақсылап кептіріңіз де,
кемінде жарты сағат бұқтырып қойыңыз.
Төменге қырлы плитаны және жоғарыға
тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын
CONTACT GRILL игізіп отқа қақтау) режиміне
қойыңыз.
Төменгі термостат тетігін 210°C-қа, жоғарғы
тетікті 210°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау
плитасын алдын ала қыздыру үшін START/
STOP түймесін басыңыз.
READY (Дайын) хабары көрінген кезде,
кептірілген асшаяндарды төменгі плитаға
салып, жоғарғы плитамен басыңыз да, 4-6
мин. пісіріңіз. Беру алдында плитаны лимон
тіліктерімен және жасыл салатпен сәндеңіз.
ЙОГУРТ СОУСЫ БАР ОТҚА ҚАҚТАЛҒАН
АЛБЫРТ БАЛЫҚ (ЛОСОСЬ)
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 500 г албырт балық сүбесі
- талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы
СОУС ИНГРЕДИЕНТТЕРІ:
- 250 г грек йогурты
- 1 түйір сарымсақ
- 1 шәй қасық ас тұзы
- 1 шымшым қант
- 20 шалғын жуа
- 20 г ақжелкен
- талғамға сай мөлшердегі ақ бұрыш
ДАЙЫНДАУ:
Соусты дайындау: ақжелкен мен шалғын
жуаны мұқият жуып-кептіріңіз де,
сарымсақты бөлек тураңыз.
Йогуртты блендер ыдысына құйып,
шөптерді, сарымсақты, тұзды, қантты және
бұрышты қосып, біркелкі крем болғанша
тартыңыз. Тоңазытқышқа салыңыз және
кемінде 30 мин. қойып қойыңыз. Төменге
тегіс плитаны және жоғарыға қырлы
плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын
OVEN GRILL (Пеште отқа қақтау) режиміне
қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 230°C-
қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа
қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін
START/STOP түймесін басыңыз.
READY (Дайын) хабары көрінген кезде,
алдын ала май жағылған сүбені төменгі
плитаға қойып, жоғарғы плитаны OVEN GRILL
(Пеште отқа қақтау) режиміне жабыңыз
(тамаққа тигізбей, бірақ барынша жақын
етіп) және шамамен 25-30 мин. пісіріңіз (ең
жақсы нәтиже алу үшін пісіру барысында
албырт балықты 180°-қа, плитаның тағамға
жақын жерін ауыстырып салу үшін шамамен
жартылай бұрыңыз). Піскен кезде албырт
балық табақшаға салынып, йогурт соусымен
беріледі.