Instruction Manual
190
ОТҚА ҚАҚТАЛҒАН СЕГІЗАЯҚ
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 400 г ірі кальмар
- 1 лимон
- 1 тал ақжелкен
- талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы
- талғамға сай мөлшердегі орегано
- талғамға сай мөлшердегі тұз
- талғамға сай мөлшердегі чили қызыл
бұрышы
ДАЙЫНДАУ:
Кальмарды ішек-қарынын, басын және
сүйегін алып тастап, мұқият жуу арқылы
дайындаңыз. Төменге қырлы плитаны және
жоғарыға тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау
плитасын CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау)
режиміне қойыңыз. Төменгі термостат тетігін
210°C-қа, жоғарғы тетікті 210°C-қа реттеңіз.
Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру
үшін START/STOP түймесін басыңыз. READY
(Дайын) хабары көрінген кезде, алдын ала
майланған кальмарды төменгі плитаға
салып, жоғарғы плитамен басыңыз да,
10-12 мин. пісіріңіз. Блендер ыдысында
сұйық майды туралған ақжелкенмен, лимон
шырынымен, бір шымшым ореганомен,
бір шымшым тұзбен және бір шымшым
қызыл бұрышпен араластырып, дәмдеуіш
дайындаңыз.
Кальмар піскен кезде, оны отқа қақтау
плитасынан алып, соуспен дәмдеңіз. Осының
бәрін сәндеп қосып, үстелге ұсыныңыз.
БАНАН ҚҰЙМАҚТАРЫ
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 1 банан
- 2 жұмыртқа (1-еуі толығымен + 1-еуінің
тек ақуызы)
- 150 мл сүт
- 100 г бидай ұны
- 70 г сары май
- талғамға сай мөлшердегі тұз
- 1 десерт қасық қант
- 16 г қамыр қопсытқыш ұнтақ
(разрыхтитель)
ДАЙЫНДАУ:
Бананның қабығын аршып, шанышқымен
жақсылап езіңіз. Бүтін жұмыртқа мен
қантты ыдыста шайқап, соңына дейін
араластыра отырып, сүтті жайлап қосыңыз.
50 г ерітілген сары майды қосып, қамыр
қопсытқыш ұнтақ қосылған, еленген
ұнды салыңыз да, сонымен қатар бір
шымшым тұзды, сосын езілген бананды
қосыңыз. Барлық ингредиенттерді мұқият
араластырып, қоспаны тоңазытқышқа
10 минутқа салып қойыңыз. Бір жағынан
жұмыртқаның ақуызын әбден қатайғанша
шайқаңыз. Қоспаны тоңазытқыштан алып,
шайқалған ақуызбен абайлап қана астынан
үстіне қарай араластырыңыз. Төменге тегіс
плитаны және жоғарыға қырлы плитаны
енгізіп, отқа қақтау плитасын OPEN GRILL
(Ашық отқа қақтау) режиміне қойыңыз.
Төменгі термостат тетігін 200°C-қа, жоғарғы
тетікті 200°C-қа орнатыңыз. Отқа қақтау
плитасын алдын ала қыздыру үшін START/
STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын)
хабары көрінген кезде плитаға аз ғана сары
май жағып, оның үстіне 1-2 десерт қасық
құймақ қоспасын құйып, шеңбер пішінін алу
үшін плита бетіне тез жайыңыз. Құймақтың
үсті бойында көпіршіктер көрінгенше 2
минуттай пісіріңіз де, аударып, басқа бетін
2 минуттай пісіріңіз. Құймақтар әр түрлі
әдіспен беріледі: шоколадты креммен,
үйеңкі шәрбатымен, жас қара жидектермен,
шоколад үгітінділерімен, балмен, шайқалған
қаймақпен және қант ұнтағымен.
ОТҚА ҚАҚТАЛҒАН, БАЛМҰЗДАҚ
ҚОСЫЛҒАН АНАНАС
ИНГРЕДИЕНТТЕР:
- 1 ананас
- қажетінше бал
- қамыс қанты қажетінше
- жас жалбыз қажетінше
- қант ұнтағы қажетінше
- ванильді балмұздақ қажетінше
ДАЙЫНДАУ:
Ананасты алып, жапырағынан және
қабығынан тазалаңыз. Шамамен 1-2 см
қалыңдықтағы тіліктерге кесіңіз, әрбір
тіліктің екі жағына қамыс қантын себіңіз.
Төменге қырлы плитаны және жоғарыға