Instruction Manual

32
КІРІСПЕ
Осы De’Longhi өнімін таңдағаныңызға
рахмет. Қауіп-қатерлердің және құрылғының
зақымдануының алдын алу үшін осы
нұсқауларды оқуға бір сәт уақытыңызды
бөліңіз.
Осы нұсқаулықта пайдаланылған
таңбалар
Маңызды ескертулер төмендегі осы
таңбалармен анықталады.
Осы ескертулерді құрметтеу өте маңызды
болып табылады. Осы ескертулерді ескермеу
электр тогына түсуге, ауыр жарақатқа,
күйіктерге, өртке немесе құрылғының
жарақаттануына әкеп соқтырады.
Қауіпті!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу
салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға
немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы
мүмкін.
Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды
ұсыныстар мен ақпаратты білдіреді.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Қауіпсіздікке қатысты ескертулер
Қауіпті!
-
Бұл құрылғы тек қытырлақ
нан өнімдері үшін
пайдалануға арналған. Кез
келген басқа қолданыс дұрыс
емес және қауіпті болып
есептеледі. Өнім жасаушысы
тиісті емес, дұрыс емес
немесе жауапсыздықпен
пайдаланудан және/немесе
білікті емес маман орындаған
жөндеу жұмыстарынан
туындайтын зақымдар үшін
жауапты болмайды.
-
Ашаны розеткаға қоспас бұрын, мынаны
тексеріңіз: розетканың кернеуі құрылғыға
жапсырылған ақпарат жапсырмасында
көрсетілген мәнге тең; розетка жерге
тұйықталған. Егер осы талап орындалмаса,
өнім жасаушысы ешқандай жауапкершілікті
мойнына алмайды.
- Розетка мен құрылғы ашасының арасында
қандайда бір сәйкессіздік болса, оны білікті
маманға ауыстыртыңыз. Адаптерлерді,
көп ұяшықты розетка құралдарын және/
немесе ұзартқыш кабельдерді пайдалану
ұсынылмайды. Осындай құралды
пайдалану қажет болса, тек осы қауіпсіздік
стандарттарына сай жалғыз немесе көп
ұяшықты адаптерлерді немесе ұзартқыш
кабельдерді пайдалану және адаптердің
не ұзартқыш кабельдің кернеуінің шегінен
асырмау ұсынылады.
- Егер қуат кабелі зақымданса, барлық қауіп-
қатерлерді жою үшін оны өнім жасаушысы,
оның қызмет көрсету қызметкері немесе
сол сияқты білікті мамандар ауыстыруы
керек.
- Электр тогына түсіп қалуға жол бермес
үшін, тостерді, оның сымын немесе ашасын
ешқашан ылғалдамаңыз және тостерге
қолыңызды немесе пышақ немесе фольга
сияқты кез келген металды салмаңыз.
- Құрылғыны ылғал немесе дымқыл
қолдарыңызбен ұстамаңыз.
- Құрылғыны жалаң немесе ылғал аяқ-
қолыңызбен пайдаланбаңыз.
- Тостер пайдаланылмаған кезде оны
тазалау немесе тұрып қалған нанды алып
тастау алдында әрқашан розеткадан
ажыратып отырыңыз.
Маңызды!
-
Бұл құрылғы тек үйде
пайдалануға арналған және
жасақталған. Ол мына
жерлерде пайдалануға
жарамайды: дүкендердегі,
кеңселердегі және басқа
да жұмыс орындарындағы,
фермалардағы,

Summary of content (5 pages)