Instruction Manual

321
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
Құрылғыны пайдаланбас бұрын
барлық нұсқаулықтарды мұқият
оқып шығыңыз.
Осы нұсқаулықтарды сақтап
қойыңыз
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды кеңес
пен ақпаратты ерекшелейді.
Пешті бірінші рет пайдаланбас бұрын, пештің
ішіндегі қорғаныш қатырма қағаз, кітапшалар,
полиэтилен қалталары, т.б. сияқты кез келген
қағазды және басқа нәрселерді алып тастаңыз.
Пайдалану алдында тасымалдау барысында
құрылғының зақымданбағанын тексеріңіз.
Құрылғы қосылған розеткадан кемінде 20 см
қашықтықта орналасуы керек.
Тасымалдау алдында қыздыру элементтеріне
жабыстырылған қорғаныш заттардың болуынан
туындайтын кез келген түтінді және «жаңа»
иісті кетіру үшін, бірінші рет пайдалану алдында
құрылғының термостатын кемінде 30 минутқа
қойып, пешті бос күйінде, CONVECTION режимінде
максималдық қуатпен қосыңыз. Бөлмені
желдетіңіз.
Қызудан зақымдануы мүмкін беттерге қойып
пайдаланбаңыз.
Пешті өтпе желі жоқ бөлме ішіне, кез келген ыстық
көздерінен және күн көзінен аулақ жерде қою
керек.
Пайдаланбас бұрын қолмен ғана жуылуы керек
қиқым науасынан басқа барлық қосымша
құралдарды қолмен немесе ыдыс жуғышта
мұқият жуыңыз.
Пеш 5 с. дейін ток ажыратылған жағдайда
қолданылатын таймерді қалпына келтіру
жүйесімен жабдықталған.
Ескерту!
Мұндай ескертулерді елемеу жарақаттарға немесе
құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
Бұл пеш тамақ пісіруге арналған.
Оны ешқашан басқа мақсаттар үшін пайдалануға,
кез келген түрде құрылымын өзгертуге немесе
жасанды түрі жасалмауы керек.
Құрылғыны орамынан алған соң, есіктің
бүлінбегенін және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын
тексеріңіз.
Ол шыныдан жасалғандықтан, пеш есігі сынғыш
болады.
Егер оның шытынағаны, соғылғаны немесе
сызылғаны байқалса, оны ауыстыру керек.
Құрылғыны пайдалану, тазалау немесе жылжыту
барысында есіктің қатты жабылуына немесе
итерілуіне жол бермеңіз. Құрылғы ыстық болған
кезде шыныға суық сұйық зат құймаңыз.
Құрылғыны кемінде 85 см жоғары және
балалардың қолы жетпейтін тегіс бетке қойыңыз.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан
балаларға, қозғалу, сезу немесе
ойлану мүмкіндіктері шектелген
адамдарға немесе осы құрылғыға
қатысты тәжірибесі немесе білімі
жоқ адамдарға тек оларға ықтимал
қауіп-қатерлер мен құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану
туралы нұсқау берілгенде
және олар бақыланғанда ғана
пайдалануға болады. Балалардың
осы құрылғымен ойнамауын
қадағалаңыз. Пайдаланушы
орындайтын тазалау және күтім
көрсету жұмыстарын балалар
8 жастан аспайынша және
үнемі қадағалауда болмайынша
орындамауы керек.
Құрылғыны және оның қуат кабелін
8 жастан аспаған балалардан аулақ
ұстаңыз.
Құрылғыны қолдану барысында жылжытпаңыз.
Бұл құрылғыны мына жағдайларда
пайдаланбаңыз:
- қуат кабелінде ақаулық болса
- құрылғы құлап кеткен болса, оның зақымданғаны
немесе ақаулығы байқалса. Мұндай жағдайларда
барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін
құрылғыңызды ең жақын жердегі уәкілетті

Summary of content (16 pages)