Instruction Manual

31
керек.
- ЕСКЕРТУ: бұл қыздырғышты
тұрақты бақылаушының
көмегінсіз бөлмеден өздері
шыға алмайтын адамдар
отырған бөлмелерде
қолданбаңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп
соқтырады.
- ЕСКЕРТУ: Қызып кетудің
алдын алу үшін
ешбір жағдайда
құрылғыларды
пайдалану кезінде оның бетін
бүркемеңіз, себебі бұл қауіпті
қызып кетуге себеп болуы
мүмкін.
- ЕСКЕРТУ: өрт қаупін азайту
үшін маталар, перделер
немесе басқа кез келген
тұтанғыш материал ауа
шығатын саңылаудан
кемінде 1 м қашықтықта
болуы тиіс.
Қауіпсіздік функциялары
- Қауіпсіздік құрылғысы:
бұл құрылғы шамадан тыс
қызған жағдайда (мысалы,
ауа кіру тесігі мен шығу
торларының бітелуінен,
мотор жай айналғанда
немесе мүлдем айналмай
қалғанда) оны ажырататын
қауіпсіздік құрылғысымен
жабдықталған.
Ондай жағдайдан кейін
құрылғыны қалыпты күйге
келтіру үшін, ашаны қуат
розеткасынан бірнеше
минутқа суырып қойыңыз,
шамадан тыс қызу себебін
жойыңыз да, розеткаға қайта
жалғаңыз. Егер бұл құрылғы
жұмыс істемесе, De’Longhi
тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
- Құлау қауіпсіздігі құрылғысы:
Кейбір құрылғылар құрылғы
құлаған кезде оны өшіретін
қосқышпен жабдықталған.
Құрылғыны қайта іске қосу
үшін, оны қайтадан тігінен
қойыңыз.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған ұсыныстарды
және маңызды ақпаратты білдіреді.
- Бұл қыздырғышты көлденең
және тұрақты бетке қойыңыз.
- Құрылғыны әрқашан тік
бағытында пайдаланыңыз.
- Егер қыздырғыш құласа, оны
пайдаланбаңыз.
- Қыздырғышта көзге
көрінетін зақым болса, оны
қолданбаңыз.
- Ұзартқыш сымдарды
пайдалану ұсынылмайды.
Дегенмен, оларды
пайдаланудан бас тарту
мүмкін болмаса, ұзарту
сымымен берілген
нұсқауларды орындаңыз
және ұзартқышта белгіленген
қуат шегінен ешқашан
асырмаңыз.
- Бұл құрылғыны
қабырғаларға, жиһазға,