User manual

6. ПАРАМЕТРЛЕР
A
D
B
C
E
A)
Time (Уақыт) сенсорлық түймешігі
B)
Delay (Кешіктіріп бастау) сенсорлық
түймешігі
C)
Buzzer (Дабыл) сенсорлық түймешігі
D)
Wool Load (Жүн мата) сенсорлық
түймешігі
E)
Start/Pause (Бастау/Үзіліс) сенсорлық
түймешігі
6.1 Бала қауіпсіздігі функциясы
Бұл параметр бағдарлама жұмыс істеп тұрған
кезде, балаларға құрылғымен ойнауға жол
бермейді. Бағдарлама тетігі мен сенсорлық
түймешіктер бұғатталады. Қосу/сөндіру
түймешігі ғана бұғатталмай тұрады.
Бала қауіпсіздігі функциясын қосу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. (A) және (D) функция түймешіктерін бала
қауіпсіздігі функциясының индикаторы
жанғанша қатар басып ұстап тұрыңыз.
Бала қауіпсіздігі функциясын
бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
ажыратуға болады. Сол сенсорлық
түймешіктерді бала қауіпсіздігі
функциясының индикаторы сөнгенше
бірге басып ұстап тұрыңыз.
6.2 Судың кермектігі және
өткізгіштігі
Судың кермектігі әр жерде әр түрлі болады.
Судың кермектігі судың өткізгіштігіне және
құрылғының өткізгіштік сенсорының
жұмысына әсер етеді. Судың өткізгіштігінің
мәнін білсеңіз, кептіру нәтижелерін барынша
жақсарта түсу үшін сенсорды реттеуге
болады.
Өткізгіштік сенсорын реттеу
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз
2. (A) және (B) сенсорлық түймешіктерін
келесі индикаторлардың бірі жанғанша
қатар басып ұстап тұрыңыз:
(төмен <300 µS/см)
(орташа 300-600 µS/см)
(жоғары >600 µS/см)
3. (E) сенсорлық түймешігін дұрыс деңгейдің
индикаторы жанғанша қайта-қайта
басыңыз.
4. Параметрдің өзгергенін растау үшін (A)
және (B) сенсорлық түймешіктерін
шамамен 2 секунд бірге басып ұстап
тұрыңыз.
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Құрылғыны ең алғаш пайдаланар
алдында мына әрекеттердің біреуін
орындаңыз:
Кір кептіргіш машинаның
барабанын дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Дымқыл кірлерді салып қысқа
бағдарламаны (мысалы, 30 минут)
бастаңыз.
Кептіру циклының бас кезінде (3-5
мин.) сәл қаттырақ шуыл естілуі
мүмкін. Бұл компрессордан қуат
алатын құрылғыларда компрессор
іске қосылған кезде естілетін қалыпты
шуыл, мысалы: тоңазытқыштарда,
мұздатқыштарда.
7.1 Кешіктіріп бастау функциясы
жоқ бағдарламаны бастау
1. Кірді дайындап, құрылғыға салыңыз.
ҚАЗАҚ 9