User manual

8.4 Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
баптау үшін:
1. Оттықты жағыңыз.
2. Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3. Басқару тетігін алыңыз.
4. Бұранда бұрағыштың көмегімен
орағытпа бұранданы реттеп
бұраңыз (A).
A
5. Егер ауыстырсаңыз:
G20 20 мбар газды
сұйылтылған газға
ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шегіне дейін
қатайтыңыз.
егер сұйылтылған газды G20 20
мбар табиғи газға
ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шамамен
айналымның 1/4 мөлшеріне
дейін босатыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тетікті ең үлкен қалпынан
ең кіші қалпына дейін
жылдам бұраған кезде,
жалынның өшіп
қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
8.5 Электртоғына қосу
Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы атаулы кернеу
мен электрмен жабдықтау түрінің
жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай
келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғы электр сымымен
жабдықталған. Оны техникалық
ақпарат тақтайшасындағы
жүктемені көтере алатын дұрыс
ашамен жабдықтау керек. Ашаның
сай келетін розеткаға қосылғанына
көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған,
қатерден сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның
қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Құрылғыны ұзартқыш сыммен,
адаптермен немесе көп тармақты
қосылым арқылы қосқан кезде өрт
шығу қаупі бар. Жерге тұйықтау
стандарттар мен ережелерге сай
іске асырылғанына көз жеткізіңіз.
Қуат сымын 90° C градустан асатын
температурамен қыздырмаңыз.
Көк бейтарап сымның "N"
таңбасы салынған
ағытпаға жалғанғанына көз
жеткізіңіз. Қоңыр (немесе
қара) фаза сымын "L"
таңбасы бар ағытпаға
жалғаңыз. Фаза сымын
үнемі қосып қойыңыз.
8.6 Қосылым сымы
Қосылым сымын ауыстыру үшін тек
арнайы сымды немесе соның
баламасы болатын сымды ғана
пайдаланыңыз. Сымның түрі:
H05V2V2-F T90.
Сымның қимасының кернеуге және
жұмыс температурасына сәйкес
екеніне көз жеткізіңіз. Сары/жасыл
түсті жерге қосу сымы қоңыр (немесе
қара) түсті фазалық сымнан шамамен
2 см ұзынырақ болуға тиіс.
8.7 Кіріктіріп орнату
min.
55 mm
min.
650 mm
550 mm
470 mm
min.
450 mm
30 mm
www.electrolux.com16