User manual

Егер оттық кездейсоқ сөніп
қалса, басқару түймешесін
сөндірулі қалыпқа бұраңыз
да, кем дегенде 1 минуттан
кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін
немесе қуат үзілісінен кейін
электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы
өздігінен іске қосылуы
мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
4.3 Оттықты сөндіру
Жалынды өшіру үшін тетікті
қалпына бұраңыз.
ЕСКЕРТУ!
Кәстрөлдерді оттықтан
алардан бұрын үнемі отты
азайтыңыз немесе сөндіріп
қойыңыз.
4.4 Бірінші қолданғанға дейін
Су құйылған ыдыстарды электрлі
пісіру алаңдарының әрқайсысына
қойыңыз да, ең жоғары қызу
параметрін орнатып, пешті 10 минут
қосыңыз. Бұл құрылғыда қалған
қалдық қоқыстарды жағу үшін қажет.
Содан кейін қызу параметрін ең төмен
қалыпқа қойып, пешті 20 минут іске
қосыңыз. Осы кезде иіс шығуы және
түтін бөлінуі мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай. Ауаның жеткілікті түрде
айналып тұрғанына көз жеткізіңіз.
4.5 тағам пісіру
бағдарламалары
Қызу
парам
етрі:
Қолданылуы:
1 Жылы ұстау
2 Баппен қайнату
3 Қайнатып пісіру
4 Қуыру / қызарту
5 Қайнату
6 Қайнату / жылдам қуыру /
майға қуыру
5. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Ыдыс-аяқ
Электр қуаты:
Ыдыстың түбі барынша
қалың әрі мүмкіндігінше
жайпақ болуға тиіс.
Эмальмен қапталған
темірден және алюминий
немесе мыстан жасалған
ыдыстар шыны керамика
беттің түсін өзгертуі
мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Шойыннан құйылған
табаларды, тас табаны,
фарфор ыдысты, гриль
немесе тостер табақтарын
пайдаланбаңыз.
Газ:
ЕСКЕРТУ!
Бір табаны екі оттыққа
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Орнықсыз және түбі
деформацияланған
кәстрөлдерді ішіндегісі
төгіліп, адам жарақат
алмау үшін оттыққа
қоймаңыз.
www.electrolux.com10