User manual

4. Оттық дұрыс жұмыс істеу үшін таба
тағандарының тармақтары
оттықтың ортасына дәл келіп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
6.3 Пештің үстін тазалау
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга, қант
және қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп
қалмау үшін абай болыңыз.
Қырғышты шыны бетке арнайы
сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін
жылжыта отырып тазалаңыз.
Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің үстін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жылтыраған металл дақтарын
кетіріңіз: сірке суы қосылған
ерітіндіні пайдаланып, әйнек бетін
дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін жылы
сабыны бар сумен жуып, орнына
қайта қояр алдында жақсылап
құрғатыңыз.
6.4 От алдырғыш құралды
тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру
білтесі мен металл электродтың
көмегімен орындалады. Тұтандыру
қиынға соқпауы үшін осы құрамдас
бөліктерді таза ұстаңыз және
оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
6.5 Мерзімдік техникалық
қызмет көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің, егер
орнатылған болса, қысым реттегіш
құралдың қалып-күйін тексеру үшін
жергілікті уәкілетті қызмет көрсету
орталығына уақытылы хабарласыңыз.
7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Пешті қосып немесе іске
пайдалана алмадыңыз.
Пеш электр тоғына
қосылған жоқ немесе
теріс қосылған.
Пештің электр көзіне
дұрыс қосылғанына көз
жеткізіңіз. Қосылым
сызбасын қайта қараңыз.
Сақтандырғыш жанып
кеткен.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың себеп
болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-
қайта жанып кетсе, білікті
электршіге
хабарласыңыз.
www.electrolux.com12