User manual

7.3 Керек-жарақ салынған
қалтадағы жапсырмалар
Жабысқақ жапсырмаларды төменде
көрсетілгендей жапсырыңыз:
A. Кепілдік түбіртегіне жапсырып, осы
бөлшекті жіберіңіз (егер қажет
болса).
B. Кепілдік түбіртегіне жапсырып, осы
бөлшекті сақтаңыз (егер қажет
болса).
C. Нұсқаулық кітапшасына
жапсырыңыз.
8. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
8.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы
жағында орналасқан.
Үлгі .......................................
Құрылғының нөмірі
(PNC) .........................
Сериялық
нөмірі ...........................
8.2 Газға қосу
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнату, жалғау
мен жөндеу бойынша
төмендегі нұсқауларды
нормаларға және жергілікті
заң ережелеріне сәйкес
білікті техник қызметкерлер
іске асыруға тиіс.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе
тот баспайтын болатпен қапталған
иілгіш түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш
металл түтіктерді пайдаланатын
болcаңыз, олардың жылжымалы
бөлшектерге жанаспауын немесе
қысылып қалмауын қадағалаңыз.
www.electrolux.com14