User manual

ол бөлме температурасынан жоғары, 30°C-
тан асып қызып кете алмаса;
ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
ешбір жері жаншылмаса;
оны тартып не бұрап майыстыруға
болмаса;
ол өткір жиектер мен бұрыштарға
жанаспаса;
оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап
шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау
үшін төмендегілерді тексеру керек:
екі ұшында және ұзына бойында жарылған,
кесілген жерлер, күйген белгілері
болмауын;
материал қатқылданбаған, керісінше,
серпімділігі дұрыс болуын;
бекіткіш қапсырмаларды тот баспағанын;
жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.
Егер бір немесе бірнеше ақаулығы байқалса,
түтікті жөндеудің керегі жоқ, ауыстыру керек.
Орнату аяқталғаннан кейін әр түтік
фиттингінің жақсылап бекітілгенін
тексеріңіз. Жалынды емес, сабын
ерітіндісін пайдаланыңыз!
8.2 Инжекторларды ауыстыру
1.
Таба тағандарын алыңыз.
2.
Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3.
7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, орнына
қолданылатын газ түріне арналған
инжекторларды салыңыз ("Техникалық
ақпарат" тарауындағы кестені қараңыз).
4.
Осы әрекеттерді кері тәртіпте орындау
арқылы бөлшектерді құрастырыңыз.
5.
Техникалық ақпарат тақтайшасын (газбен
жабдықтау құбырының қасында) жаңа газ
түріне сай келетін тақтайшаға
ауыстырыңыз. Бұл тақтайшаны
құрылғымен бірге жеткізілген қалтадан
таба аласыз.
Егер газбен жабдықтау қысымы өзгермелі
немесе қажетті қысымнан басқаша болса,
газбен жабдықтау түтігіне қолданылатын
қысым өтпелігін орнату қажет.
8.3 Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін баптау үшін:
1.
Оттықты жағыңыз.
2.
Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3.
Басқару тетігін алыңыз.
4.
Бұрағыштың көмегімен орағытпа
бұранданы реттеп бұраңыз.
A
A)
Орағытпа бұранда
Егер G20 20 мбар табиғи газды (немесе
G20 13 мбар табиғи газ
1)
) сұйылтылған
газға ауыстырсаңыз, реттегіш бұранданы
мықтап қатайтыңыз.
Егер сұйылтылған газды G20 20 мбар
табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шамамен айналымның 1/4 дейін
босатыңыз.
Егер G20 20 мбар табиғи газды G20 13
мбар
1)
табиғи газға ауыстырсаңыз,
реттегіш бұранданы шамамен айналымың
1/4 дейін босатыңыз.
Егер сұйылтылған газды G20 13 мбар
1)
табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шамамен айналымның 1/2 дейін
босатыңыз.
Егер G20 13 мбар
1)
табиғи газды G20 20
мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шамамен айналымның 1/4 дейін
қатайтыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп қалмайтынына
көз жеткізіңіз.
8.4 Электртоғына қосу
Құрылғыны қауіпсіздік шараларына сәйкес
жерге қосыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
атаулы кернеу мен электрмен жабдықтау
түрінің жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай келетініне көз
жеткізіңіз.
1)
тек Ресей үшін
12
www.electrolux.com