User manual

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
4.1 Оттықты тұтату
Назарыңызда болсын!
Ас үйде ашық отты пайдаланған
кезде өте абай болыңыз. Жалынды
дұрыс пайдаланбау жағдайлары үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді
Оттықты әрқашан ыдысты қоймай
тұрып жағыңыз.
Оттықты жағу үшін:
1.
Басқару түймешесін сағат тілінің
бағытына қарсы түбіне дейін (
)
бұраңыз да, төмен басыңыз.
2.
Басқару түймешесін шамамен 5 секунд
ұстап тұрыңыз; сонда жылыту элементі
қызады. Егер олай етпесеңіз, газ
беріліміне кедергі келтіріледі.
3.
Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін
реттеңіз.
Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық
жанбаса, шілтер мен қақпақтың
дұрыс тұрғанын тексеріңіз.
A
B
C
A)
Оттықтың қақпағы мен шілтері
B)
Термореле
C)
От алдырғыш
C
D
B
A
A)
Оттық табақшасы
B)
Оттық шілтері
C)
От алдырғыш
D)
Термореле
Назарыңызда болсын!
Басқару түймешесін 15 секундтан
артық басып тұрмаңыз.
Егер оттық 15 секундтан кейін
жанбаса, басқару түймешесін
босатыңыз, оны өшірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан
кейін оттықты тағы бір рет жағып
көріңіз.
Электр қуаты болмаған кезде
оттықты электрлік құралсыз жағуға
болады; мұндай жағдайда оттыққа
жанған шырпыны жақындатып, тиісті
түймешені төмен басыңыз да, сағат
тілінің бағытына қарсы газды
барынша шығаратын қалыпқа
бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі
қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1
минуттан кейін оттықты тағы бір рет
жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат
үзілісінен кейін электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы өздігінен
іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай.
ҚАЗАҚ 7