User manual

Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Құрылғыны тазалау немесе жөндеу
жұмыстарын жүргізердің алдында
оны электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғының бетіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін
таба қоятын тағандарды алып қоя тұруға
болады.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін сабыны бар
сумен жуып, орнына қайта қояр алдында
жақсылап құрғатыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш
машинада жууға арналмаған. Оларды
қолмен жуу керек.
•Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,
құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі
эмальмен қапталған жиектері өткір болуы
мүмкін. Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен
кетіріңіз.
Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын
дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде абай
болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Қоқысты тазалау:
1.
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, полимер үлдір, қант
қосылған тағам.
Мыналарды тазалауға кіріспес бұрын
пешті электр желісінен ағытып,
суытыңыз: әк дақтары, су дақтары, май
дақтары, металдың жылтыраған
дақтары. Пештің сыртқы қабатына
жарамды арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
2.
Аспапты дымқыл шүберекпен, шамалы
сабын қосып тазалаңыз.
3.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны таза
шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Назарыңызда болсын!
Шынының бетін немесе оттықтың
жиектері мен жақтаудың (бар болса)
арасын тазалау үшін пышақтарды,
қырғыштарды немесе сол сияқты
құралдарды қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдысты шыны беттің үстімен
сырғытпаңыз, сызат түсіруі мүмкін.
Сонымен қатар, қатты немесе өткір
заттардың шынының үстіне құлап
қалуына немесе пештің жиегіне
соғылып қалуына жол бермеңіз.
6.1 Тұтандырғыш оттықты тазалау
Бұл функция керамикалық тұтандыру білтесі
мен металл электродтың көмегімен
орындалады. Тұтандыру қиынға соқпауы үшін
осы құрамдас бөліктерді таза күйінде ұстаңыз
және оттықтағы шілтер тесіктерінің
бітелмегеніне көз жеткізіңіз.
6.2 Мерзімдік техникалық қызмет
көрсету
Газбен жабдықтау түтігінің және, егер
орнатылған болса, қысым өтпелігінің күйін
тексеру үшін жергілікті қызмет көрсету
орталығына аракідік хабарласыңыз.
ҚАЗАҚ 9